ӨРТ-ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ

0

Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға орасан зор шығын алып келетін табиғи өрттерді өшіру келелі мәселе болып қалып отыр. Мұндай өрттер үлкен көлемге тарала отырып, орман – дала өртіне айналады да, айтарлықтай шығындарға әкеліп соғады, сонымен қатар мұндай өрттерді өшіруге өртке қарсы қызметтің күш пен құралдарының көп бөлігі бөлінеді де, елді мекендер өртке қарсы қорғаусыз қалып, ауылшаруашылығы алқаптарына қауіп төнеді.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелерде орман өрт сөндірушілер командаларының аздығы, жеке құрамды өрт орнына жеткізетін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктердің, байланыс құралдарының, асылатын өрт сөндіру құралдарының, сонымен қатар өрт сөндіруге арналған қосымша техниканың (соқасы бар тракторлар) жетіспеушілігі табиғи өртті өшіру кезінде нақты қиындықтар туғызады. Мемлекеттік мекемелер арасында өзара көмек көрсету мәселелері тиісті үйлесім таппаған. Жер телімдерін жалға алушылар (жерді пайдаланушылар) да өртті өшіруге ат салыспайды. Мемлекеттік орман қорының аумақтары облыстың құмды және таулы жерлерінің көп бөлігін алып жатқанын, ал өртке қарсы қызмет бөлімдерінің аталған жерлерден айтарлықтай қашықтықта орналасқанын атап өту керек.

Облыс Әкімиятының қаулысына сәйкес облыстың барлық аудандарында табиғи өрттің алдын алу мен өшіру бойынша аудандық штабтар, сонымен қатар ерікті өртке қарсы құрамалар құрылуы тиіс.

Аудандағы дала өрттеріне қатысты туындаған ауыр жағдайда ауылдық елді мекендер мен ауыл шаруашылығы нысандарында құрылған ерікті өртке қарсы құрамаларға үлкен үміт артылған. Бірақ, құрғақ шөп жануы кезінде оны өшіру үшін ерікті өртке қарсы құрамалары толығымен қатыспайды.

Табиғи өрттердің пайда болуына негізгі себептер:

тұрғындардың отты абайсыз қолдануы, техникаларды автокөліктерді пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауы, ауыл шаруашылық субъектілерінің  шабындық қалдықтарын және құрғақ шөптерді қасақана өртеу жағдайынан, мемлекеттік орман қорымен іргелес  жатқан жерлерде    болады.

Орманды өрттен қорғаудағы жалпы жетіспеушілік жылдан-жылға қайталанып, өрттің  пайда болуына себеп болуда, оттың үлкен ауданға тарауы орман шаруашылығына үлкен шығын әкеліп отыр.

Бүгінгі таңда ауданда барлық ауылдарында табиғи өрттерді сөндіру және ескерту жөнінде аудандық штабтар құрылды. Сонымен қатар табиғи өрттерді сөндіру құрылғыларымен және тракторлар соқаларымен және де өртке шығу техникаларымен жабдықталған өрт сөндіру бекеттерін құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Құрметті аудан тұрғындары! Алдымызда жылдың ең ыстық айлары келе жатыр. Сол үшін бәріміз ұқыпты болайық. Өйткені бізге табиғат сыйға тарқан туған табиғатымыздың әсем де керемет бұрыштарын қаз-қалпында сақтап қана қоймай және біздің балаларымызға, немерелерімізге мирас етіп қалдырғымыз келеді.

Егерде өрт шығу қаупі бола қалған жағдайда, міндетті түрде өрті сөндіруге асығу қажет. Жайылып бара жатқан өртті құм немесе топырақ себу, сумен  сөндіру, кенеп бөлшектерімен жабу және де өртті сөндірудің ең қолайлы әдісі талдардың бума шыбықтарымен немесе киіммен ұру арқылы сөндіруге болады.

Егерде өз күшіңмен өртті сөндіре алмасаң міндетті түрде жақын жерде орналасқан өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне немесе орман шаруашылығы қызметкерлеріне және билік органдарына тезірек хабарлау керек.

 Н.Сейсенбаев,

Сарысу ауданы,  Жаңатас қаласы   №16 ӨСБ-нің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау

 аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.