МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫ ЖЕРІН ӨРТТЕН САҚТАЙЫҚ

0

Сарысу ауданының орман қорын қорғау мен күзету – орман өрттерінің алдын алу, орман ағаштарының заңсыз кесілуіне және Қазақстан Республикасындағы басқа да орман заңдарын бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ орман аурулары мен зиянкестерінен, табиғи сипаттағы қолайсыз факторлардан қорғау болып табылады. Алайда орман қорына үлкен залалын тигізетін орман өрттері туралы айтпай кетуге болмайды.

Осы  орайда  адам – табиғаттың ажырамас бөлігі.                                       Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес.

Орманның бірден-бір жауы ол – өрт. Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің  орман қоры 532092 гектар алқапты құрайды.

Осыған байланысты өрт қауіпсіздік маусымы кезінде «Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін» сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, оларға әкімшілік айыппұлдар салынуда. Орман өртінің шығу себептеріне тұрғындардың өрт қауіпсіздік талаптарының сақтамауынан орын алуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің 24 ақпан 2021 жылғы «2021 жылдың өрт қауіпі бар маусымына дайындық жөніндегі міндеттері туралы» бұйрығына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік орман иеленушілер мемлекеттік орман қоры жерінде орман өрт қауіпі бар маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Орман өртінің болуы адами факторлардан туындайды. Яғни ол дегеніміз, орманда шөп шабу, мал жаюға жер телім учаскелерін алған орман пайдаланушылар, демалатын туристердің, жидек және саңырауқұлақ терушілердің, аңшылардың, өртке салғырт қарауынан және орман өрттері жөніндегі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақталмағандықтан туындайды.

Сондықтан әр адам мынадай қарапайым қағиданы біліп, сақтағандары жөн: құрғақ шөбі бар жерлерде от жағуға;

— кез келген жерде сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңке қалдықтарын тастауға;

-тез жаңғыш заттар мен материалдарды арнайы қаралмаған жерлерде қалдыруға тыйым салынады.

Егер азаматтар орманда өрт қаупі бар маусымында «Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін» сақтамаған жағдайда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес айыппұлдар салынатынын ескертеміз.

Аудан тұрғындарына айтарымыз, орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай біліңіздер, отқа абай болыңыздар!

Орман — ел байлығы, денсаулық емшісі. Соны сезініп, табиғат байлығын өз қалпында сақтай білейік.

Жанболат ОРАЗБАЕВ,

Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің өрт сөндіру станциясының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.