СОТ АКТІЛЕРІН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

0

Сарысу аудандық сотында сот актілерінің орындалуына қатысты мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында сот төрағасы  М.Үркімбаев сот актісінің орындалуы мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсететін құқықтық саясаттың маңызды бөлігі болып табылатынын айтып, сонымен бірге сот актілерінің орындалуына қатысты өзекті мәселелер сот органдарының үнемі бақылауында екендігін атап өтті.

Ескі жылдардағы сот актілері орындалмауынан, заңмен белгіленген барлық мерзімдері бұзылған істер бойынша деректер келтіре отырып, бұл істер бойынша сотпен сот актілерін орындау туралы ескертулер мезгілімен тиісті мекемелерге жіберілетінін көрсетті.

Сонымен қатар, мемлекет пайдасына өндірілген процессуалдық шығындар, мемлекеттік баждар және тағы басқа сот шығындары бойынша орындалмай жатқан кейбір сот үкімдері бойынша сандық мәліметтер  келтірді.

Іс-шараның соңында қатысушылар сот актілерін орындау мәселесі бойынша жұмысты жандандыруды және тиісті шаралар қабылдауды ұсынды.

Гүлнара Байбосынова,

 «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.