«Е-ӨТІНІШ» ЖҮЙЕСІНДЕ ӨТІНІШТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0

Сарысу аудандық сотында 5 мамыр 2021 жылдан бастап іске қосылған «Е-өтініш» жаңа ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді қабылдау және тіркеудің негізгі принциптері түсіндірілді.

Сот қызметкерлерімен ақпараттық жүйенің ерекшеліктері мұқият зерделенді, аталған жүйенің негізгі талаптары азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну процедурасын барынша жеңілдету және олардың қаралуын бақылауды жетілдіру болып табылатындығы  кеңсе меңгерушісі Г. Несипбековамен атап өтілді.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының  әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енеді, аталған кодекстің 63,64,65 баптарында жолданымға қойылатын жалпы талаптар, қабылдау, тіркеу, қайтару, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға әрі қарай жолдау негіздері көрсетілген.

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органдарда ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін «Е-өтініш» жаңа ақпараттық жүйесін қосуды тапсырған болатын.

Өтініштердің барлық жұмыс процестерін цифрландыру, өтініштердің таратылу жолдарын автоматты түрде білуге, мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру арқылы өтініштердің қаралу мерзімін қысқартуға, өтініш берушіге өтініштің қаралуының барлық кезеңдері мен уақытын хабарлауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сот қызметкерлері  Жамбыл облыстық сотының ұйымдастыруымен «Zoom» қосымшасы арқылы онлайн «Е-өтініш» оқыту сабақтарына қатысып, аталған жүйеге қатысты мәліметтер мен тәжірибелер алуда. Аталған жүйемен өтініштерді тіркеуді бастады. Алдағы уақытта «Е-өтініш» жаңа ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді қабылдау жанданады деп күтілуде.

Гүлнара Байбосынова,

 «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.