Туымыз-тұғырлы, Елтасбамыз-еңселі, Әнұранымыз- айбарлы болсын!

0

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Мемлекеттік Әнұраны халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған тәуелсіздігінің көрінісі болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын, әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Қазақстан Республикасының мемлекет- тік рәміздері күні – өз елінің нағыз патриоттарының мерекесі қарсаңында, оның болашағы үшін жеке жауапкершілігін түсінетін, оның тарихын мақтан тұтатын, елін  өркендету үшін адал еңбек етіп жүрген азаматтардың Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетуге оның тағдырына  қатыстылығын сезінуге мүмкіндігі бар.

Әрқайсымыз үшін өз Отанымыздың Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбамыз бен Мемлекеттік Әнұранымызды бағалау және құрметтеу қасиетті борышымыз.

Мемлекеттік рәміздер патриоттық рухты нығайтып, Қазақстанды біртұтас, қуатты, өркендеген мемлекет қылуға ұмтылған әр түрлі халықтарды біріктіреді. Өз елінің мемлекеттік рәміздерін құрметтеу — патриотизмнің жарқын көрінісі болып табылады.

Әрқашан Елтаңбамыздың еңсесі биік, Мемлекетік Туымыз көк жүзінде қалықтап, әлемдік табыстарымыздың салтанатында Әнұранымыз шырқала берсін!

А.СЕЙНАЛИЕВ,

аудандық мәслихаттың хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.