АУДАН ӘКІМІНІҢ он күндік жұмыс барысынан…

0

ІЗГІ НИЕТ

Айналамыздағы адамдарға қуаныш пен жылулық сыйлау – жақсы амалдардың бірі.

Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына соңғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліне бастады.

„Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев пен аудандық мәслихат депутаты Талғат Түсіпбеков ауданымыздағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлерінде болып хал-жағдайларымен танысты.

Аудан басшысы кездесу барысында олардың әрқайсымен жеке дара тілдесіп, көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Тыңдай отырып болашақта өз аяқтарымен жүріп кетуді армандаған екі азаматты аудандық орталық ауруханадан толықтай тексеруден өткізуге жіберді.

Қазіргі таңда екеуінің біреуін облыс орталығына, біреуіне оңалту жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы облыс орталығынан мүмкіндік болмаған жағдайда Нұрсұлтан қаласына жіберуді көздеп отырмыз.  Мұндағы мақсат әрбір мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үміттерін жағып, олардың қатарымызға қосылуына толыққанды жағдай жасау дейді.

Аудан басшысының бұл игі қадамы көпке үлгі боларлық.

Халық қалаулысы Талғат Болатұлы осы кездесуде азық-түлік пакеттерін табыстап, дендеріне саулық тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.

ЖАҢАРҒАН КӨШЕ, ТАЗАРҒАН АУЛА

Үстіміздегі жылы Жаңатас қаласы бойынша 10 жерге балалар ойын алаңшасы, 20 жерге жаттығу алаңшалары, 6 жерге кіші футбол алаңшасы орнатылатын болады.

Қазіргі таңда мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Күннен-күнге жаңарып келе жатқан Жаңатаста кейінгі кездері көркі көз тартар заманауи ойын алаңшалары орнатылып, тұрғындардың қуанышын еселей түсті.

Алдағы уақытта елді- мекен аулалары да жарқырап, жаңа кейіпке енетін болады.

Әсіресе, бұл үшін ойын балаларының көңілдері көтеріңкі.

Балалар қуанышын басты бақытымыз деп бағалайтын аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан көлемінде игі істердің атқарылуына ерекше көңіл бөлуде.

Қала ішіндегі ойын алаңшалары мен спортпен шұғылданатын орындардың тазалығы мен сапасы әркез аудан әкімінің назарында.

Бұл жолы да аралап шығып, қала көркіне көрік қосу, аудан әлеуметін асқақтатудың жаңа жоспарларын ойлаған аудан басшысы қала, ауыл басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

ӘРБІР СҰРАНЫС БАҚЫЛАУДА

Аудан әкімі М.Сұлтанғалиев, Игілік ауылдық округінің әкімі Ж.Жанайдаров және Игілік ауылдық округінің ақсақалдарымен ұзындығы 15 шақырым болатын „Өтес” каналының жәй-күйімен танысып қайтты.

Аудан басшысы ауыл ақсақалдарының „Өтес” каналына латок салынса деген сұранысы бойынша Ұйым ауылына кіре-беріс бөлігінен бастап Саудакент ауылының ішімен өтетін каналдың Өндіріс ауылының егістік жеріне келетін бөлігіне дейін жаяу аралап шықты.

Канал бойын аралай отырып аудан басшысы жағалай тасталған қоқыстарды көріп, бір айдың ішінде канал бойындағы қоқыстар алынбаған жағдайда барлығына айыппұл салынатынын жеткізді.

Сонымен қатар канал бойынан өтетін  жердің қалмағанын, бақша бойын қуалай, аула-аула ішімен қаңғыған иттерді жол бойында қауіпті екендігінде назардан тыс қалдырмады.

Каналдан өтіп, келер бетіне жету үшін аудан әкімі әр ауланың шарбақтарын шамалы қысқартып, каналға жолдың ашықтығын, жол жүру мүмкіндігін қарастыруды қатаң тапсырды.

Аталмыш каналдың қазіргі жағдайымен танысып „КАЗСУШАР” Сарысу аудандық бөлімі басшысының орынбасары Ә.Жұпарбековке бірқатар тапсырмалар берді.

Каналдың қазіргі жағдайын толық тексеріп, тиімді жағдайларды қарастырып, латок салуға ұсыныс беруін тапсырды.

СПОРТҚА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

Тәуелсіздігіміздің таңы атқаннан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында қыруар жұмыстар атқарылды.

Спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді.

Қашанда саламатты өмір салтын мемлекеттік саясат¬тың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс.

Осындай ұстанымды ұстанған аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің спортқа деген сүйіспеншілігі жоғары.

Әр күнді жүгіруден бастап, салауатты өмір салтын ұстану арқылы, жұмысқа деген белсенділік ұлғаяды, індеттің алды алынады дейді.

Расында да деннің саулығы салауатты өмір салтын қалыптастырудан басталары ақиқат.

Одан бөлек әр апта жүгіру марафонын да қалыптастыра білген аудан басшысы қаланы жаяу аралай жүріп, аула алдындағы спорт алаңшаларында ойнап жүрген жасөспірімдермен футбол ойынын ойнады.

Аудан тынысын терең түсініп, тұрғындармен тікелей жүздесіп те жүрген аудан әкімінің бұл жаңашылдығын өз еліне деген жауапкершілік, жанашырлық десек те артық емес.

ТАРАЗ ТӨРІНДЕГІ ЖӘРМЕҢКЕ

Тараз қаласы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы „Grand Bazaar” сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.

Сарысу ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері аталған жәрмеңкеге 400 кг жылқы еті, 300 кг сиыр еті, 500 қой еті, 200 кг сүт өнімдерін жәрмеңкеге ұсынып отыр.

Барлық өнімдер нарық бағасынан 10-15% төмен бағада сатылды.

АУДАН ӘКІМІ ӨЗІ ОҚЫҒАН МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын.

Жоба мақсаты сол білім ошағынан түлеп ұшқан түлектерді кейінгі жас буынға таныстыру, үлгі ету.

Осы жоба аясында мектеп түлектері өздері білім алған ордаларына алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасындағы қызықты сәттермен бөлісіп, өз қолтаңбалары мен үлестерін қалдырып жатыр.

Осы орайда «Жомарт түлек» жобасы аясында,«Туған жер – бақыт ордасы» атты кездесу өтті.

Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында өткен кездесуге аталмыш мектептің түлегі, аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы Сұлтанғалиев қатысты.

Кездесу барлық санитар- лық талаптарды сақтай отырып өтті.

Оқушылар аудан әкімімен жүзбе-жүз кездесіп, өз ойларында жүрген сауалдарын қойды.

Аудан басшысы мектеп қабырғасында өткен қызық- ты шақтарымен бөлісіп, оқушылардың сауалдарына жауаптар қайтарып, жас түлектерге тілегін білдірді.

ҚАБЫЛДАУ

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілген қабылдауда жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.

Қабылдау барысында азаматтардың бірі денсаулық мәселесі бойынша өтінішін айтса, енді бірі баспана мәселесі бойынша ұсыныс- пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар әлеуметтік жағдайларына қатысты өтініштерін де жеткізді.

Тұрғындардың жеке мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы Заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді.

Тұрғындар тарапынан жолданған мәселелер бойынша аудан басшысы тиісті сала басшыларына арнайы тапсырмалар жүктеп, бақылауға алатындығын жеткізді.

АСАРЛАТҚАН АҒАЙЫНМЕН БІРГЕ…

Асар – қазақтың ежелгі дәстүрі, оның басты мақсаты – қиын жағдайға тап болған жақынына көмектесу.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бұл игі дәстүрді жамбылдықтар қайта жаңғыртып, мұқтаж отбасыларға арнап үйлер салып беруде.

Осы орайда, Жамбыл өңірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Сарысу аудандық әкімдігінің бастамасымен және ауылдағы азаматтардың қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев асар жобасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын аралап шықты.

Ағымдағы жылы Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында және 7 елді мекендерінде (Саудакент, Жайылма, Ұйым, Ә.Бүркітбаев, Досбол, Тоғызкент, Ұ.Сыздықбайұлы, Игілік) әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға «Асарлатып үй салу» тәсілімен ауыл тұрғындарының және демеушілер есебінен 5 жаңа жеке тұрғын- үйлердің құрылысы және 4 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы бағытта Игілік немесе Өндіріс ауылында  бір үйдің шатырын толық орнатылып беріледі деп күтілуде.

Игілік ауылдық округінің жаңадан тағайындалған жас әкімі де бұл іске аса белсенділік танытып, асарға өз үлесін қоспақшы.

Осындай игі іске тек әкім, басшылар ғана емес биылғы сайланған 12 халық қалаулысы да қатысуға құлшыныс танытып, әр үйге екі депутаттан бөлініп, олар толық сол үйлердің  құрылысы біткенше басы- қасында болмақ.

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ…

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде әр саладағы өзекті мәселелер қаралды.

Індеттің алдын алу, сақтандыру мақсатында аппараттық жиынға ауылдық округ әкімдері мен басшылар ZOOM бағдарламасы арқылы қатысты.

Аудан басшысы бірінші кезекте індеттің алдын алу міндеттілігін атап өтіп, екпе салудың қаншалықты маңыздылығына тоқталып өтті.

Күн тәртібінен ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, тазалық, тәртіп басқа да өзекті мәселелер тыс қалмай, нақты тапсырмалар берілді

. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы ауданымызда болды

Сарысу ауданына ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы іссапармен келіп кетті.

Аудан әкімі

М.Сұлтанғалиев Ғ.Абдоллаұлына ауданның тыныс-тіршілігін таныстырды.

«Ынталы», «Бүркітті» су қоймаларына барып, судың сыйымдылығы мен жиналуын көрді.

«Қарапайым заттар экономикасы» пилоттық жобасы аясында іске асырылған Саудакент ауылының тұрғыны Б.Сармолдаевтың жылыжай жұмысымен танысты.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүргізілген аудандық орталық ауруханасы емхана бөлімшесіне барды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан Жаңатас қаласындағы жеке кәсіпкер Шайымқұлов Фархаттың сүт өндеу цехында болып, кәсіпкерліктің кең өріс алып жатқанын, өкімет тарапынан тиімді бағдарламалардың осындай істерге жұмсалуына ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар мұнай өнімдерін сақтау және өндеу зауыты, «Жарас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жүргізілген Жаңатас қалалық жылыту қазандығын, Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға көшуі» жөніндегі тұжырымдамасы аясында іске асқан Жаңатас жел электр станциясы, «Соляная компания «Асыл Тұз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің йодталған ас тұзын өндеу зауытының жұмысын көріп, оң бағасын берді.

Осы іссапар барысында аудан басшысы қайта жаңғыртуға жататын «Үш алып» ғимаратының жағдайын, Жаңатас қаласы 1 шағынауданындағы бос тұрған №41, 47 көп қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту (реконструкция) жұмыстарын көрсетіп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

«Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы» бағдарламасы аясында іске қосылған «ЕвроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің фосфор ұнтағын дайындау зауыты, Түркістан ауылдық округі (Кіші дегерес аймағында) «Шалғай елді мекендерді газдандыру» бастамасы аясында іске асырылып жатқан Шаян-Еврохим-Жаңатас газ құбырын тарту жұмыстарының жүргізілу барысы да сапар кезінде назардан тыс қалған жоқ.

Түркістан ауылдық округіндегі көктемгі егіс дала жұмысы мен Арыстанды ауылындағы Арыстанды орта мектебінің сондағы тұрғылықты күрді ұлтының өкілдерімен кездесіп, «Бейбітшілік пен келісім» бағдарламасы аясында келелі сұхбат өрбіді.

СУАРМАЛЫ ЕГІСТІК АЛҚАБЫНДА

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Түркістан ауылдық округіндегі суармалы егістік алқабын аралап шықты.

Суармалы егістік алқабын ұлғайту мақсатында бұлақ көздерінен жиналатын үш бөгет, су қоймаларын қалпына келтіру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Олардың екеуі бойынша біреуі экономикалық мақсатқа сай емес,тиімділігі жоқ  екендігі белгілі болды.

Ал, екінші және үшінші бөгет бойынша қаржыландыруға байланысты облысқа тиісті ұсынылымдар жіберілді.

Алдағы уақытта жоспарлар құрылып, зерделеу барысындағы мәселелер қолға алынбақ.

АТА-АНА БАЛАҢЫЗДЫ БЕЙ-БЕРЕКЕТ ЖІБЕРМЕҢІЗ

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев жасөспірімдер қауіпсіздігін қашанда басты назарда ұстайды. Әр күні аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметовпен бірге көшелерді аралап, тәртіп мәселесіне жіті көңіл бөлуде.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің жанынан „Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында” құрылған мобильдік топ құрамы түнгі рейдке шықты.

Рейд барысында жасөспірімдерге,ата-аналарына,заңды өкілдеріне кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі мезгілде беталды жүрмеу керектігі түсіндірілді.

Дариха Үмбетиярова

Leave A Reply

Your email address will not be published.