Бас жүлдеге ие болды

0

Сарысу жері киелі мекен, өнерлі орда. Әлемге танылған өнер майталмандары шыққан өңір.  Жыл сайын өнерпаздарымыз халықаралық, республикалық, облыстық байқауларға қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, жүлдегер атанып жүр.  Жуырда «Балбұлақ» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы дала рухы» II халықаралық фестиваль-байқауы болып өтті.

Осы байқауға  балалар шығармашылық орталығы «Би әлемі» үйірмесінің жетекшісі Ақбота Елшібаеваның шәкірті Сабыржан Әмина  хореография номинациясы бойынша өз өнерін көрсетіп, бас жүлдені иеленді.  Би жетекшісі құрмет грамотасымен марапатталды.

Би жетекшісі А.Елшібаева өз сөзінде:

-Мен шәкірттеріммен мақтанамын. Қызмет атқарғаныма 9 жыл болды. Қазіргі таңда шәкірттерім жоғары жетістіктер- ден көрініп жүр. Олар менің мақтанышым. Алдағы жоспарымыз шәкірттерімізбен бірге жүлделі орындарға ие болу,-деді.

С.Есқараев, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.