Сарысудан шыққан ТӨРЕШІ

0

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Еңбек Ері, Құрмет орденінің иегері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасында Халықаралық турнир өтіп жатыр. Халықаралық турнирде 7 мемлекеттің- Грузия, Украина, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан барған балуандар 10 салмақ дәрежесінде медальдарды сарапқа салуда. Аталмыш халықаралық турнир Біріккен Күрес әлемінің күнтізбелік жоспарына енгізілген. Бұл жарысқа тек Халықаралық дәрежедегі төрешілер ғана төрелік ете алады. Сол төрешілердің арасында аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Айберген Серікұлы Ниязов та болды.

Айберген Серікұлының бұл бірінші рет төрелік етуі емес. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы Болгария Мемлекеті, Пловдиф қаласында өткен грек-рим және еркін күрестен ардагерлер арасында Әлем чемпионатында, 2019 жылы Иран Мемлекеті, Мешхед қаласында өткен «Тахти кубогі» Халықаралық турнирінде де төрелік еткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.