Ер — елінің қорғаны

0

7 мамыр-Отан қорғаушылар күні жыл сайын  аудан көлемінде ерекше аталып өтеді.«Ер — елінің қорғаны» деп бағалаған дана халқымыз ержүрек жандарына істеріне сай сый-құрмет көрсетіп келеді. Аудан әкімшілігінің мәжіліс залында Отан қорғаушы күніне орай, санитарлық сақтық шараларды сақтай отырып,  аудан  әкімі М.Сұлтанғалиев қабылдау өткізді.

Қабылдауға  аудандық полиция бөлімінің және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жиында аудан әкімі М.Сұлтанғалиев  сөз сөйледі.

-1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылған күннен бастап, бұл күн жыл сайын мемлекеттік мереке ретінде тойланып келеді. Бұл мереке — мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн. Бүгінде, Отан қорғаушылар күні — өз Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды,- деді.

Сонымен қатар, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында қалтқысыз қызмет атқарып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Құрмет және Алғыс хаттарымен марапатталды .

Сәулет Есқараев, SARYSÝ

Leave A Reply

Your email address will not be published.