БЕЙБІТШІЛІК ЕЛ ҰРАНЫ

0

Жеңіс күні — бүгінгі бейбіт күніміздің негізі. Ата-бабаларымыздың ерен еңбегі риясыз күлкі, бейбіт өмір, жарқын болашақ сыйлады. Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 76 жылдық салтанаты ерекше тойлануда. Еліне, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсеткен әкелеріміз бен аталарымыздың рухы алдында әрқашан бас иіп, тағзым етеміз.

Біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске түсіру үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені шалқар шабытпен жыл сайын атап өтеді. 9 мамыр күні Ұлы Жеңісті өз өмірімен жақындатқан аталардың рухына тағзым етуді басты парызы санайтын  аудан жұртшылығы жылдағы дәстүр бойынша «Даңқ» монументіне қарай ағыла бастады.

Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін сұрапыл соғыста жүріп қаза тапқан сарбаздар мен хабар-ошарсыз кеткендерді көпшілік қауым бір минут үнсіздікпен еске алып, аудан әкімі М.Сұлтанғалиев бастаған мекеме, кәсіпорын басшылары, қызметкерлері  мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінде де мерейлі мерекені атап өту  аясында «Өрлігі–үлгі, ерлігі-дастан» атты онлайн концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Қазақстан әскерінің тәжік-ауған шека- расынан шығарылғанына биыл 20  жыл толып отыр. Осыған орай  коворкинг орталығында карантиндік сақтық шараларды сақтай отырып, жиын өтті.

Жиында аудан әкімі М.Сұлтанғалиев сөз сөйледі: -Тәжік –ауған шекарасындағы  соғысқа  қатысқан батырлар  ұмыт қалмауы тиіс. Олардың ерліктерін ұрпақтан- ұрпаққа  жеткізу бүгінгі буынның мақсаты.Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру сіздер мен біздердің міндетіміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-деп, ардагерлерге тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 20 жыл толу мерекелік төсбелгіні тақты.

Ардагерлер ардақталды

Сарысу ауданынан аттанған 1 мың 596 азаматтың 523-і майдан даласында қаза тапса, 184 жауынгер із-түзсіз жоғалған.

Бүгінгі таңда, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің көзі тірі саусақпен санаулысы  ғана ортамызда жүр.

Сондай-ақ, сын сағаттарда ерліктің өшпес өнегесін көрсеткен жерлестеріміз бүгінде, ардагерлеріміз біз үшін-тек жауынгерлік ерлігімен ғана емес, өмірлік өнегесімен де қымбат жандарға айналды.

Мереке қарсаңында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев, аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Есмұрзаев, қала және ауыл әкімдері облыстық мәслихат депутаты Д.Жылқыбаевтар  арамыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Кемелбек Шәменов, Қабыл Ібіжановтың үйлеріне арнайы ат басын бұрып, хал-жағдайларын сұрап, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар аудан әкімі  Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың  Алғыс хатын салтанатты түрде тапсырды.

Ардагерлер майдан даласындағы ерлік істерімен бөлісіп, ұрпағымыз тыныш өмір кешсін деген ізгі ниеттері мен басшыларға ақ баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.

Одан кейін тыл ардагерлеріне және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып, сыйлықтар берді.

****

Ақтоғай орта мектебінің директоры Ә.Шегірова Ақтоғай ауылының тыл ардагерлері О.Айтбеков ата мен   А.Самуратова  апаны мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады. Одан кейін  Сарысу орта мектебінің директоры Л.Шукеева  Ұ.Сыздықбаев ауылының тыл ардагерлері Ж.Әділбеков ата және мен  Р.Айтжанова апаны мерекемен құттық- тап сыйлықтар тапсырды.

****

Мереке қарсаңында Досбол ауылдық округінде «Ер есімі – Ел есінде» атты іс-  шара ұйымдастырылды.  Аталған мерекелік іс – шарада ауылдық округ әкімі Н.Молдабеков ауыл тұрғындарын мереке- лерімен құттықтап,  ауылдық округтегі тыл еңбеккерлері  Хафизова Қалия апа мен Қозыбаев  Өсербек қарияға сый-сияпат жасады. Ауылдық  округтен шыққан ҰОС құрбандарына арнайы құран бағышталып, бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өткізілді. Ауылдық округке қарасты мекеме басшылары ұжымымен бірге сұрапыл соғыс құрбандарына тұрғызылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Шарада  патриоттық өлеңдер оқылып,  әндер шырқалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.