Елбасы Жолдауы халықтың болашаққа деген сенімін нығайтады

0

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Жолдауын халыққа жолдаған болатын. Бүгінде әлем «Төртінші өнеркәсіптік революция» дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып,жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескере отырып, Елбасы нақты он міндетті атап көрсетті. Елбасы жолдауының жетінші міндетінде «Адами капитал – жаңғыру негізінде» білім берудің жаңа сапасына тоқталды.Ол барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделтету қажет екенін айтты.  Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады. Сонымен қатар, оқушыларға берілетін тапсырмалардың азаюы, өңірлердегі оқушылардың базасында компьютерлер, лабораториялар және 3 D – принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес – инкубаторларының желісі құрылады деп айтуы, біздің білім алушыларымызды қуантады.     Елбасының жыл сайынғы Жолдауы ең алдымен біздің мемлекеттің қарыштап дамуының бағдарын айқындаса, екіншіден, межеленген міндеттерді саралауға, ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.  Біз жыл сайынғы Елбасы жолдауын үмітпен күтуге дағдыландық. Жаңа мақсаттар мен міндеттердің, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жолдау халықтың болашаққа деген сенімін нығайтары сөзсіз.

Медет Аткоов, Әйтеке би атындағы орта мектептің

тарих пәнінің мұғалімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.