ОҚУ — ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

0

Азаматтық қорғаныс пен басқару органдарының өзара байланысын меңгеру және елді мекендердегі ерікті өрт сөндірушілердің дала өртін алдын алу үшін, жақын елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялауды ұйымдастыруға дайындығын арттыру мақсатында, Саудакент ауылында «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында табиғи өрттерді жою жөнінде бірлескен өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Тактикалық оқу-жаттығуда аудан әкімінің орынбасары О.Көкей сөз сөйлеп, дала өртінің алдын алудың жолдарын түсіндіріп өтті.

Аталмыш оқу- жаттығуға Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлім басшысы Д.Башанов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бас маманы Е.Алимқұлов, Жамбыл облысы ТЖД МӨББ  бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Д.Охрименко, Жамбыл облысы ТЖД МӨББ  бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Д.Жанкулиевтер арнайы қатысты.

Оқу-жаттығуға  Жаңатас қаласының №16, Саудакент ауылдық №11 өрт сөндіру бөлімінің және «Сарысу орман шаруашылығының» жеке құрамдары ауылдық округтердегі ерікті жасақ,  медициналық қызметкерлері қатысты. Іс-шараға барлығы 110 адам және 13 бірлік техника 16 аспалы су шашқыш, 90 дана арнайы өрт сөндіруге арналған құрылғы жұмылдырылды. Бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағында болуы мүмкін дала-орман өрттерін сөндіру әдістері мен дағдылары пысықталды. Аудан әкімінің орынбасары О.Көкей оқу-жаттығу шарасына қатысқан арнайы қызметкерлердің деңгейін жоғары бағалап, апаттардың алдын алу бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

С.РЫСБЕКҰЛЫ,

«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.