ТҮЛЕКТЕР АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

0

Еркін тыныстап, көк байрағымызды биікке көтеріп, алыс-жақындағы елдерге бірлігіміз бен ынтымағымызды паш етіп келеміз. Болашақ қоғамның белсенділері – жастарға деген қамқорлықта да шек жоқ.

Ауданда биыл аңсап жеткен тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейіне деген игілікті істер қатары толыға түсуде.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, облыс әкімінің «Жомарт түлек» жобасы аясында, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын  жас ұрпаққа үлгі ету, колледж өмірімен тығыз байланыс орнату және 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру  мақсатында  Жаңатас көпсалалы колледжінде «Түлектер» аллеясының ашылу салтанаты өтті.

Шараны колледж  директоры Түйтебаева Нұрландия Ералықызы ашып, түлектерге алғысын айтты.

-Түлектер аллеясының ашылуы-бұл ұрпақтар сабақтастығының шынайы көрінісі, тарихи жадыны және жақсы дәстүрлерді сақтауға қамқорлық жасау, отансүйгіштік, туған колледжге және қалаға деген махаббат. бұл біздің колледждің тарихы мен дәстүрін жылдар бойы қалыптастырған барлық адамдарға құрмет көрсету болып табылады. Біздің колледж түлектері мен студенттеріне бастамашылдығы, қоғамдық-өндірістік тапсырмаларға адал және жауапкершілікпен қарағаны және тату, үйлесімді жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз,-деді.

Шара барысында аталмыш колледжден түлеп ұшқан студенттер қазіргі колледж қабырғасындағы және болашақ студенттерге  «Біз, колледж түлектері жаңа студенттік дәстүрдің бастауына негіз болғанымызға қуаныштымыз. Болашақ колледж түлектеріне біздің бастамамызды жалғастыруды ұсынамыз. Түлектер аллеясы жыл сайын көркейе берсін!”- деген ұсыныстарын жасады.

Шара барысында колледждің өнерлі студенттері өз өнерлерін келген қонақтарға тарту етті.

Колледж іргесінен ашылған «Түлектер» аллеясын салтанатты түрде ашылуы,  түлектердің алтын ұя колледжіне алғыс ретінде тал көшеттерін отырғызу рәсіміне ұласты.

Гүлнара Байбосынова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.