ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

0

18 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін  қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» X республикалық турниріне Сарысу ауданының іріктеу жарысы өтті.   Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру;

— Қазақстан Республика-сында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру ;

— Қазақ күресінің одан әрі дамуына, өсіп-өркендеуіне жағдай жасау;

— Спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту;

— ҚР Президентінің халыққа жолдауына сәйкес салауатты өмірге баулу,

Жарыс Халықаралық қа- зақ күрес федерациясының бекіткен ережесіне сай өткізілді. Балуандар бәсекесінде санитарлық талаптар толық сақталды.

Жарыста орын алған спортшылар аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы тағайындаған дипломмен медальдармен марапатталды және Жамбыл облысына жолдама алды.

Осы додада қарсылас- тарын шаң қаптырған балуандар Ізбасар Ералиев бірінші, Әміржан Айтқұлов екінші орынды иеленсе, ал үшінші орынды екі балуан Асылхан Оспанов пен Азамат Сайлаубеков жеңіп алып, жарыс жеңімпаздары атанды.

Дәмеш Мұқанқызы,

“Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.