ЖАТ АҒЫМНАН САҚ БОЛАЙЫҚ

0

Абай атындағы орта мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайырғали Жұмашбековтің ұйымдастыруымен санитарлық сақтық шараларды сақтай отырып, Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы  оқушылардың қауіпсіздігінің  және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында  ата- аналар жиналысы болып өтті. 

Жиында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Жұмашбеков түнгі рейдке шығып,ораза айына байланысты мешіттер мен көшеден беймезгіл, ата-аналарынсыз жүрген оқушылар анықталған жағдайда олардың ата-аналарына шара қолданылатынын, бірінші кезекте сынып жетекшілері оқушылармен тығыз байланыста болуы, әр сынып жетекші жауапты екенін ескертті. Мектеп ювеналдық полиция тобының инспекторымен  бірлесе жұмыс жасауда. Қазіргі таңда жасөспірім мектеп оқушылары тарапынан дінге бет бұруы көптеп кездесіп жатқаны, соңы басқа діни ағымдағылар өзіне тиімді пайдаланып кетеді, сондықтан балалардың немен ай- налысып, қайда, кім мен жүргенін бақылауда ұстау керек. Сол үшін де оқушылардың тәртібін қадағалау ата-аналар мен сынып жетекшілерге тікелей байланысты екенін айтып өтті.

Мектеп инспекторы Г.Сатыбекова сөз алып, осы айтылғандарды болдырмау әр ата-ана өз тарапынан  қадағалап, балаларына жауапты екенін сезіне білсе, сынып жетекшілер ата-аналар мен күнделікті тығыз байланыста болса, ешқандай тәртіп бұзу,басқа дінге бет бұру болмайтынын айтып өтті.

Камели Сүлейменова,

“Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.