АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ

0

Жергілікті әскери басқару органдарының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатын қызмет түрлері.

«Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2017 жылдың 24 қаңтарындағы №28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 226 бұйрығына» сәйкес төмендегі қызмет түрлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

  1. «Әскерге шақырылушыларға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктер және куәліктердің телнұсқаларын беру».

1) Он жеті жасқа толған жылы қаңтар – наурызда тіркеуден өтпеген және 18 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде;

2) Бұдан бұрын он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін әскери есепке тұрмаған және әскерге шақыру учаскесіне тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы алғаш рет өтініш жасаған кезде (құжаттар Жергілікті әскери басқару оргынында медициналық куәландырудан өткен тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан немесе ол бүлінген кезде;

3) Тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан немесе ол бүлінген кезде;

4) Тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде.

  1. «Запастағы офицерлерге, сержанттарға, сарбаздарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) немесе олардың телнұсқаларын беру».

1) Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша дайындықтан өткен, сондай-ақ офицерлер құрамына аттестатталған азаматтар үшін;

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, Мемлекеттік күзет қызметінен және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған азаматтар үшін;

3) Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және ҚР азаматтығын алған запастағы офицерлер, сарбаздар, сержанттар қатарындағы азаматтар үшін;

4) Ескі үлгідегі әскери билетті жаңасына ауыстырған кезде;

5) Әскери билетті жоғалтқан және ол бүлінген кезде;

6) Тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде;

7) Офицерлер құрамының әскери атағы қалпына келтірілгендер;

8) Денсаулық жағдайы бойынша әскери есепке берілуге тиіс 27 жасқа толмаған әскери міндеттілер;

9) Әскерге шақырудың кейінге қалдырылуына (босатылуына) байланысты әскери қызмет өткермеген және осы ЖӘБО-да әскери есепте тұрған 27 жасқа толғандарға:

10)    Бұдан бұрын әскери есепте тұрмаған және әскерге шақыру учаскесіне тіркеуден өтпегендер қатарынан әскери қызмет өткермеген 27 жасқа толғандарға;

11) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;

12) Медициналық  білім беру ұйымдарын бітірген соң әскери-есептік мамандығын алған әйелдерге;

13) Әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлықтан өткен азаматтарға;

14) Туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе әпке-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған әскерге шақыру жасындағы азаматтарға;

15) Ғылыми дәрежесі барларға:

16) Тіркелген  діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне;

17) Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақырылған әйелдерге.

  1. «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және одан шығару».

1) Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін;

2) Тұрғылықты  жерін ауыстырған кезде немесе уақытша келген орнында (3 айдан асатын мерзімге) 7 жұмыс күні ішінде әскери есепке тұрмаған әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін:

3) Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан шығарылған, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары, оқудан шығарылған және (немесе) келісімшартты бұзған, бірақ 27 жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар үшін;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша шыққан

(6 айдан асатын мерзімге), Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген әскерге шақырылушылар қатарындағы азаматтар үшін;

5) Тұрғылықты  жерін ауыстыру кезінде запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін;

6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, Мемлекеттік күзет қызметінен және құқық қорғау органдарынан запасқа шығарылған офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін  (әскери билет немесе әскери билеттің орнына берілетін уақытша куәлік бар болған кезде);

7) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша шыққан (6 айдан асатын мерзімге), Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін;

8) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін;

9) Білім беру ұйымдарын бітірген және офицер әскери атағын бере отырып, офицерлер құрамына аттестатталған азаматтар үшін;

10) Тұрғылықты  жерін ауыстыру кезінде жеке әскери-есептік құжатын жоғалтқан запастағы офицерлер, сержанттар, сарбаздар қатарындағы азаматтар үшін.

  1. «Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтамалар беру».
  2. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру».
  3. «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығатын азаматтарға анықтамалар беру»
  4. «Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтамалар беру».

8.«Азаматтарды әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша дайындау».

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-ІV Заңының 35-бабына сәйкес Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру                электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бойынша беріледі.

Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша:

1) отбасы жағдайлары бойынша;

2) білім алуды жалғастыру үшін;

3) денсаулық жағдайы бойынша;

4) басқа да себептер бойынша беріледі.

Осы бапта көзделген әскерге шақыруды кейiнге қалдыру үшін негiздерінің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгіленген тәртiппен әскерге шақырылуға жатады.

 А.Пшаев,

Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі  біріктірілген бөлім бастығы, майор  

Leave A Reply

Your email address will not be published.