САЛАУАТТЫ ӘЛЕМ ҚҰРАЙЫҚ

0

Денсаулық күніне орай  «Салауатты әлем құрайық!» ұлттық бағдарламасының тұжырым- дамасына сәйкес   аудандық ор- талық ауруханасының емхана бөлімі, Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің, жастар денсаулық орталығы мамандарының және тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына кеңес беру кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен Абылай хан мектеп –лицейінің  7-11 сынып оқушыларымен «Салауатты әлем құрайық!» ұлттық бағдарлама тұжырымдамасына сәйкес дөңгелек үстел өткізіліп, тренинг жүргізілді.  Сондай-ақ  аудандық орталық ауруханасының нарколог фелдшері А.Рыспембетова зиянды әдеттердің алдын алу мақ- сатында кеңес беру жүргізілді. Жастар денсаулық орталығының жұмысына жауапты психологі Ж.Абдикеева психологиялық тренинг жүргізіп, ситуациялық жағдаяттар талқыланып, сергіту жаттығуы жасалынды. Сонымен қатар, Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің    ұйым- дастыруымен орталық базарда «Өз қан қысымыңды біл!»акциясы және  «Денсаулық-зор байлық» ашық есігі өткізілді.

 “Sarysý-AQPARAT”

Leave A Reply

Your email address will not be published.