МЕКТЕПКЕ СҮЙІКТІ КІТАБЫҢДЫ СЫЙЛА

0

Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігі Мемлекет басшысы  Қ. Тоқаевтың  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы 2020 жылы 30 қазанда бастау  алған болатын. 

Мектеп кітапханасы – жан-жақты білім мен тәрбие беретін мәдени орындардың бірі саналады. Егемен еліміздің ертеңі  болашақ жас ұрпақтың  білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда мектеп кітапханасы   рухани қазына екені рас. Кітап—адамның  жан дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлығы.  Ол адам жанын рухани тұрғыдан байытады, ізденімпаздыққа жетелейді, ой- өрісін дамытады.  «Ақтоғай» орта мектебінің кітапханасында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  іске асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында«Сыйлыққа кітап- В подарок – книга» атты кітапханаларға ерікті түрде кітаптар өткізу және «Шаңырақ» жобасының аясында «Буккроссинг – бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі – Bookcrossing – Книговорот» атты акциясы 2017 жылдан бастап өткізіліп келеді.   Осыған орай, «Мектепке сүйікті кітабыңды сыйла» тақырыбында ата-аналар арасында  акция  өткізіліп, 12 дана көркем әдебиет кітап қорына қосылды. Акцияның мақсаты –еліміздегі баспалардан жарық көрген кітаптармен  кітапхана қорын толықтыру. Осы акцияға әрі ата-ана,әрі ұстаз  Смағамбетова Гүлсара  Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романы мен  балаларға арналған «Шалқан» ертегісін сыйласа, мектебіміздің директоры, әрі ата-ана  А.Шегирова  Маралтай Райымбековтың «Қаратау ға-залдары», «Өлеңдер», «Жас толқын»  проза, Д.Жанбаев «Қарасу атамекенім», М.Қазыбек «Құпия кеңестер», Ш.Айтматов «Біздің өміріміздегі әйелдер» кітаптарын, ата-ана Қ.Қаспақов,  Д.Досжанов «Абай айнасы», С.Шарипов «Екі томдық шығармалар жинағы», Ш.Айтматов «Жан пида» кітаптарын сыйлады. Мектеп әкімшілігі атынан кітап сыйлаған ата-анаға алғыс білдіріп, акцияның жылдың соңына дейін жалғасатынын жеткіздік.

М.Ошақбаева,

«Ақтоғай» орта мектебінің кітапханашысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.