КОМИССИЯЛАР ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛАДЫ

0

Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №45-2 шешімімен бекітілген учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері себепті жағдайлармен комиссия құрамдарынан Сарысу аудандық мәслихатының  2021 жылғы 7 сәуірдегі №4-4 шешімімен әр түрлі жағдайларда шығарылуына байланысты, бос орындарға комиссия құрамдарын жасақтау шаралары басталғанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындар тізбесін ұсынамыз:

1)  №363 сайлау учаскесі- 2 (екі) орын;

2) №364 сайлау учаскесі — 2 (екі) орын;

3) №365 сайлау учаскесі — 2 (екі) орын;

4) №366 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;

5) №368 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;

6) №375 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;

7) №376 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;

8) №378 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;

9) №379 сайлау учаскесі – 2 (екі) орын;

10) №380 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;

11) №384 сайлау учаскесі – 2 (екі) орын;

12) №376 сайлау учаскесі – 1 (бір) орын;

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, жоғарыда тұрған сайлау комиссиялары 2021 жылдың 10 сәуірінен 14 сәуіріне дейін аудандық мәслихатқа мынадай құжаттарды тапсырады:

1)      тиісті сайлау комиссия-ларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партия органының, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

2)      саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;

3)      кандидаттың сайлау жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші (Өтініштің нысанын аудандық мәслихаттан немесе аудандық сайлау комиссиясынан алуға болады);

4)      сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар туралы, бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық және қағаз форматта жасалған белгіленген нысандағы мәліметтер.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясы- ның құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылушы Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссия орналасқан әкімшілік- аумақтық бірлік аумағында тұруға тиіс.

Аудандық мәслихатқа ұсыныла- тын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы,оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

Учаскелік сайлау комиссияла- рының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау 2021 жылғы 14 сәуіріне дейін, дүйсенбі – жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс -13.00 — 14.30-ге дейін.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

8 (726-34) 6-33-90 факс, 6-26-80, 6-20-25

Leave A Reply

Your email address will not be published.