СПОРТ САЛАСЫНА КӨҢІЛ БӨЛУДЕ

0

Қазіргі уақытта әлемде COVID-19 вирусының таралуына байланысты барша халық қауіпті дертпен күресу жолына түскен.

Осыған байланысты елімізде де  жұқпалы аурудың алдын алу шаралары қарқынды жүруде. Аталмыш дерттің келуімен көптеген шаралар кейінге шегеріліп, еңсемізді еңсере алмай қалғанымыз жасырын емес. Алайда, бұл қазақ спортының жарық жұлдызы Бекзат Саттархановты ұмыт қалдыру деген сөз емес.

4 сәуір-Бекзат Саттархановтың туған күніне орай аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қаламыздағы бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды.

Онда бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО жеңімпазы, кіші әлем чемпионатының  чемпионы  Сарысу ауданының Құрметті азаматы Серік Өмірбековті шәкірттерін дайындау үстінде жолықтырды.

Аудан басшысына С.Өмірбеков бүгінгі таңдағы жетістіктері мен алдағы жоспарлары жайлы айтты.

Сонымен қатар, спорт саласы соның ішінде бокс залынан бөлек жаттығу, жуыну бөлмелерінің басқа да қажеттіліктердің керек екендігін жеткізді.

Аудан әкімі:

— Спорт- адамзат өміріне ала-пат күш сыйлап,  тәнге қуат, жанға мықты рух сыйлайтын қастерлі дүние. Оған ден қоймайтын, қызықпайтын, серік етпейтін қоғамды кездестіру қиын құбылыс.

Сондықтан сергек болудын, сау болудың бірден-бір жолы -спортпен шұғылдану.

Бүгінде ел спорты еңсесін тіктеп, қадамын нықтап, қарыштап дамып келеді. Өйткені спорт саласына ел Президенті  көңіл бөліп, қажетті қолдауды көрсетуде.

Қазақстан спортшыларының қатарын толықтыруда аудан-ымызда қосқан үлесі қомақты азаматтар баршылық.

Соның бірі өзіңіз. Сондықтан сіз көтерген мәселелер демеушілер тарапынан оң шешімін табуына ықпал етеміз,-деді.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.