Өткен аптада аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Сарысу ханымы-2021» атты өнер және танымдық байқауы өтті.
Байқауда сайыскерлер «Атадан туған асыл едім», «Әсемдік әлеміне саяхат», «Зерделінің ойы озық», «Өнерлінің-өрісі кең» бес кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде Ұ.Сыздықбайұлы ауылынан Э.Хасанова бас жүлдені қанжығасына байласа, Жаңатас қалалық аула клубынан қатысқан С.Исахан 1- орынды, Маятас ауылынан Г.Молдабекова 2-орынды, Жайылма ауылынан Н.Әмірбекова 3-орынды иеленді. Ал, «Өнерлі ханым» номинациясына Арыстанды ауылынан М.Айдарова, «Шебер ханым» номинациясына Балалар шығармашылық ор-талығынан А.Исаева, «Білімді ханым» номинациясына Игілік ауылынан А.Бекенасова, «Көрермен көзайымы» номин-ациясына Жаңатас қалалық әкімі аппаратынан Б.Жиенбаева ие болды.
Жеңімпаздар мен бай-қауға қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қ. Ахмедияровқа -75 жыл
Тәрбие сағаты өтті
Өткен аптада «Балдырған» бөбекжай бақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Нағима Бегулиеваның ұйымдастыруымен санитарлық сақтық шараларды сақтай отырып, «Қ. Ахмедияровқа-75 жыл» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты күй дүлдүлі Қаршыға Ахмедияровтың өмірімен таныстыру, өнерін үлгі тұту. Күйшілік дәстүрдің мән-мағынасын түсіндіру. Күй өнеріне балалардың қызығушылығын арттыру.
Сондай-ақ, № 12 «Күншуақ» мектепалды даярлық тобы-ның өнерлі бүлдіршіндері Қ.Ахмедияровтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, тәрбиеші Н.Бегулиева «Қ.Ахмедияров-қа-75 жыл» атты көрмеге библиографиялық шолу жасады.
Сәулет ЕСҚАРАЕВ,
“Sarysý”