МЕДАЛЬ ТАПСЫРДЫ

0

Сәуір айының 3-ші жұлдызында аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей атбасын ауданымыздың қара шаңырағы Саудакент ауылына бұрып, Байқадам ауылдық аймағының әкімдігінде «Тәуелсіздік таңы Желтоқсан» РҚБ-ң Сарысу ауданы бойынша филиалының төрағасы, «Жамбыл облысы Желтоқсан -86» ҚБ-ң Сарысу ауданындағы уәкілі Нұржан Есмахановқа

«Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» медалін тапсырды.

«Бұл марапатқа ие болу мен үшін үлкен мәртебе.Сонымен қатар бұл марапат ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық жұмыстарды жандандыру барысында  маған үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Мені дүниеге әкелген,тәрбиелеген, оқытқан ата-анам ҰОС ардагері, асқар тау әкем Жанайдар  Есмахановқа, Ұлы қобызшы Ықылас Дүкенұлының не-мересі, тыл және еңбек ардагері, аяулы анам Шырын Түсіпбекқызына еңбек жолымда ақыл-кеңестерін берген ағаларыма үлкен алғысымды білдіремін.Бұл медалді аудан басшылығының тек маған емес, барша Сарысу халқына берген марапаты деп білемін» деді.

Камели Сүлейменова, “Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.