АУДАН ПРОКУРАТУРАСЫ ЕСКЕРТЕДІ

0

Әлеуметтік желі – пәтер ұрылары үшін нағыз ақпарат көзі.  Әлеуметтік желілерде азаматтар кейде өздері пәтер ұрлықшыларының назарын аударатын ақпараттар салады. қазіргі таңда ашық профильдер бар, көп виртуалды достар бар, тіпті оларды шын мәнінде өздері де толық танымайды, шектен тыс көп ақпаратпен бөліседі.

Мәселен мынадай ақпараттар жарияланады:

«21-25 наурызда мен отбасыммен демалысқа барамын»;

«31 тамыз күні әйеліммен Түркияға ұшып барамын!»,

«Расында мен теңіздемін!» немесе шетелде және қалада қыдырып жүргені жайлы онлайн бейнелер мен фотосуреттерді әлеуметтік желіде жариялайды.

Бұл мәліметтер пәтер ұрыларын тұрғын үй белгілі бір уақытта қараусыз қалатыны туралы хабардар етеді.

Ұрыларға алданбау жолдары

-егер пәтер 1-ші немесе соңғы қабатта орналасса, өрт сөндіру сатыларының немесе су ағатын құбырлардың жанында болса, терезе торларын орнату туралы ойлаңыз;

-терезелер мен балкон есіктерін ашық қалдырмаңыз;

-бір-екі құлыпты немесе метал  есік орнатуды ойлаңыз;

-жазда, демалыс кезінде және мереке күндері мұқият болуға тырысыңыз, себебі бұл уақыттар пәтер ұрылары үшін өте тиімді;

-көршілермен жақын араласып, достасыңыз. Сіз ұзақ уақыт үйде болмаған жағдайда, көршілер пәтеріңізге қарап, қандай да бір күдікті шу болса полиция қызметкерлерін шақыруы ықтимал;

-пошта жәшігін жиі тазалап тұрыңыз, егер үйде болмаған жағдайда таныстарыңызды, көршіңізді пошта жәшігін тазалауын сұраңыз;

-перделерді әсіресе кешке жауып жүруге тырысыңыз, өйткені ұрылар бірінші терезелерді жиі қарауылдайды;

-пәтер иелерінің кооперативімен бірлесе отырып, үйдің кіре-берісіне консьерж қабылдау, есікке кодтық құлыптар немесе домофондар орнату туралы мәселені шешіп алыңыз;

-кіре-беріс пен баспалдақ әрдайым жарық болуын қадағалаңыз;

-қолма-қол ірі ақшаны, бағалы заттарды банкте, сейфте сақтаңыз;

-үй телефонына үнемі қоңырау шалынып, байланыста үнсіз болса, немесе нөмірдің қателескенін айтатын болса, сақ болыңыз. Ұрылар сіздің пәтеріңізде қанша уақыт жоқ екеніңізді анықтау үшін бұл әдісті де пайдаланады;

-кіре-беріске, баспалдақ алаңында немесе лифтке видеодомофон мен бейнебақылау камералары орнатылғаны туралы ақпарат ілу де көмектеседі;

-пәтер ұрлығынан қорғанудың ең тиімді тәсілдерінің бірі оны күзетуге қосу және үй-жайды дабыл қаққышпен жабдықтау.

АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР

Қазіргі қоғамда кеңінен таралып келе жатқан қылмыстардың түрлері ол алаяқтық қылмысы

Статистикаға келетін болсақ, өткен кезеңнің өзінде 22 алаяқтықтың қылмыс, оның ішінде 10 интернет арқылы жасалған алаяқтық қылмысы тіркелді.

Сонымен қатар, 2 әйел азаматы пәтер және несие алып берем деп өздерінің 6-ы бірдей таныстары мен туыстарын алдап, алаяқтық жолмен ақшалай қаражаттарын жымқырған.

Сондықтан, пәтер, жер, қайтарымсыз несие, көлік, балаларыңызды оқуға түсіремін және т.б. құнды заттарды алып бере аламын деген алаяқтардың құрбаны болудан сақтаныңыздар, яғни пәтер, жер, мемлекеттің тарапынан берілетін несиелер мен т.б. керекті мұқтаждарыңызды тек заңмен белгіленген тәртіп шегінде мемлекеттік немесе құзырлы органдардан аласыздар.

Сондай-ақ, ғаламтор желісі кеңістігінде алаяқтық жасаудың алдын алу мақсатында, аудан прокуратурасы ғаламтор-алаяқтардың жиі кездесетін жағдайлары туралы ескертеді.

Аудан прокуратурасы тұрғындарды онлайн платформалар арқылы тауарлар сатып алуда сақ болуды сұрайды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты, арам пиғылдылар тауарларды сату және айырбастау үшін әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларын пайдаланып, біреудің мүлкін ұрлауға кірісті. Жиі кездесетін алаяқтық — жоқ тауарларды нарықтан төмен бағамен ұсынып сату.

Сонымен қатар, пәтерлер мен автокөлік сатып алу саласында алдау жиі кездеседі. Бұл жағдайда жеңіл ақшаны ұнатушылар арзан бағаны көрсетіп, алдын-ала төлемді талап етеді. Ал, сатып алушылар, арзан бағаға қызығып қаражаттарын аударып, алаяқтың құрбаны болғанын білмей жатады.

Осыған байланысты өте мұқият және сақ болуды ұсынамыз: сіз ешқашан банктік картаңыз туралы ақпаратты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын ақпаратты бермеңіз, ешқашан ғаламтордағы тауарларға депозит жасамаңыз, сатып алу жасамас бұрын ғаламтор-дүкеннің беделін мұқият тексеріп шығыңыз, ғаламтордағы күмәнді байқауларға қатыспаңыз, олар сіздің ақшаңызды көбейтуге уәде береді, егер банктің бастамасы бойынша қоңырау шалынған болса, банк қызметкерімен сөйлесуден бас тартыңыз, мұндай жағдайда банк картасының артқы жағында немесе банктің ресми сайтында көрсетілген сенімді нөмірге қайта қоңырау шалыңыз.

Құрметті аудан тұрғындары, алаяқтың құрбаны болмау үшін жақындарыңыз бен туыстарыңызды ескертіп жүрулеріңізді сұранамыз.

Сарысу ауданы прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.