ӨНЕРЛІ БАЛАҚАЙЛАР

0

Ауданымызда жасөспірім балалар  Халықаралық, республикалық, облыстық  өнер фестивальдарына барып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мереке қарсаңында Алматы қаласында  Республикалық бүлдіршіндер мен жеткіншектер арасында «Өнерлі балақай»  атты онлайн өнер фестивалі болып өтті. Аталған фестивальға облысымыздан екі бүлдіршін  Қамқалы ауылдық округіне қарасты Шығанақ ауылындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің «Ботақан» шағын орталығының тәрбиеленушілері Ақнұр Берік пен Сезім Қайрат  қатысты.

Үш күнге созылған дәстүрлі байқау еліміздің әр өңірінен онлайн түрінде бүлдіршіндер ұлттық билерді орындап, өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын көрсетіп, сурет салды, ән айтып, би биледі.

Жарыстың нәтижесінде А.Берік және С.Қайрат облысымыздың және ауданымыздың намысын қорғап, өте жақсы өнер көрсеткендері үшін бас жүлде-мен «Өнерлі балақай» арнайы медалымен және мақтау қағазымен марапатталды.

С. ЕсқараевSarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.