Көрініс қойылды

0

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасындағы «Наурыз-балалар үшін басты мереке» бөліміне орай «Сарысу» халықтық театрының  режиссері Р.Бердісүгірова және қоюшы режиссер Н.Серкебаевтың сахналастыруымен  «Алпамыс» дастанынан театрландырылған көрініс қойылды.

Бұл қойылымды аудан тұрғындары онлайын тамашалады.   Қойылым көрермендерді батырлыққа, Отансүйгішттікке баулыды. «Сарысу» халықтық театры актёрлерінің шеберлігіне тәнті болды.

«Алпамыс батыр»  дастаны қазақ эпостарының ішіндегі ең көне жырлардың бірі. Осы қойылымда «Алпамыс батыр» жырында ежелгі тіршілік, жұртымыздың басынан кешкен ерлік оқиғалары, сонау заманның түсінігі, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері жан — жақты көрсетілді.

Сәулет Рысбекұлы, Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.