ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

0

«Төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру»,сондай-ақ көктемгі су тасқынына тартылатын азаматтық қорғаудың күштер мен құралдарын даярлау мақсатында аудан бойынша су басу аймақтарынан адамдарды құлақтандыру және эвакуациялау, халықты уақытша орналастыру пункттерін өрістету, көшірілгендердің тіршілігін қамтамасыз ету бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушысы О.Көкей, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры А.Дауылбаевтар арнайы сапта тұрған жасақ құрамын және техникалармен құрал- жабдықтардың жағдайын тексеріп шықты.

Айта кететін жайт  оқу-жаттығуға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және ұйымдары, аудандық әкімдіктен 1 адам, 1 техника, азаматтық қорғау қызметтері, аудандық полиция бөлімінен 4 адам, 1 арнайы техника, медициналық қызметінен 2 адам,  1 техника, көлік қызметінен 2 адам, 1 автобус, сауда қызметінен 2 адам, 1 азық-түлік таситын газель автокөлігі, Абылай хан атындағы мектеп-лицейдің жеке құрамы 30 адам және жергілікті атқару органдарының күштер мен құралдары. Барлығы 5 дана техника және жеке құрамның 63 адам тартылды.

Шартты негізгі түрі – су басу аймақтарынан адамдарды эвакуациялау, оларды уақытша орналастыру пункттеріне өрістету, көшірілгендердің тіршілігін қамтамасыз ету.

Тактикалық түпкі ойға сәйкес, «Ынталы» су қоймасының жағалауы жарылып, Ұйым ауылының жеке тұрғын үйлеріне су кіру қаупі туралы хабарлама Саудакент ауылдық №11-ші Өрт бекетінің диспетчеріне түсті.     Кезекші өз кезегінде, Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығын, ол өз кезегінде, Сарысу ауданы әкімінің аппаратын, барлық азаматтық қорғау қызметтерін құлақтандырды.   Төтенше жағдай орнына бірінші кезекте аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бағытталды.

Төтенше жағдай туралы хабарламаны қыбылдағаннан кейін Сарысу ауданы әкімдігі, азаматтық қорғау қызметтері аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері,медициналық қызмет, ақпарат қызметі, көлік қызметі және жергілікті атқару органдарының күштер мен құралдары жіберілді. Төтенше жағдай орнында  адамдарды құлақтандыру және эвакуациялау, халық-ты уақытша орналасты-ру пункттеріне өрістету, көшірілгендердің тіршілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданды.

Зардап шеккен халық  дер кезінде эвакуацияланып, Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің спорт залында орналастырылды.  Уақытша орналастыру пунктін жеке құрамына келген халықты тіркеп, медициналық және психологиялық көмек көрсету жұмыстары  берілді. Сондай-ақ ыстық тамақ және киім-кешекпен қамтамасыз етілді.   Арнайы-тактикалық оқу-жаттығу барысында 50 дана төсек орын мен қажетті мөлшерде ыдыс-аяқпен қамтамасыз етілді.

Сәулет Есқараев, «SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.