КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

0

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі  8 наурыз- Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің,  Ауған  соғысына, Тәжік –Ауған соғысының ардагерлерінің, Чернобыль апатын жоюға, Семей полигонына қатысқан азаматтардың  әйелдері мен жесірлерін мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке — бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз.

Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.

Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке — бірлік тілейміз!

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл — қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамын.

А.Пшаев,

Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, майор

Leave A Reply

Your email address will not be published.