БАЛАЛАРҒА ОТПЕН ОЙНАУ ҚАУІПТІ

0

Отпен ойнап, опық жеген балаларды көргенде, өрт қауіпсіздігі туралы сөз қозғамасқа болмайды. Әсіресе қазіргі қызықты-балалық шақ күндері емін-еркін ойнап-күліп, өз билігі өзіне берілген бүлдіршіндердің тентектігінен де, білместігінен де тілсіз жау қайда деме, іргемізде деп аса абай болған жөн.

Жас балаларды үйде бақылаусыз тастауға болмайды. Олардың отпен ойнауына ата-аналар тарапынан қатаң тыйым салынуы керек!

Сондықтан өрт қауіпсіздігі туралы ойын баласына түсінік-тәрбие жұмысын жүргізу керек. Бірақ, бала ісі–шала демекші, балалардың демалысының шырқы бұзылмас үшін, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбай,  сақтау баршамыздың төл ісіміз болуы тиіс.

Ә.Бекенов,

Сарысу ауданының Төтенше

жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау  лейтенанты 

Leave A Reply

Your email address will not be published.