КҮЛ АУРУЫ

0

Күл ауруы — мал арасында өте тез тарайтын ауру әрі жұқпалы індет. Ауру қоздырғышты вирус. Вирустың төзімділігі ауаның температурасына, ылғалдылығына, күн сәулесінің түсу-түспеуіне тығыз байланысты.

Жоғарғы температураның әсеріне тығыз байланысты.Жоғары температураның әсеріне вирус шыдамсыз,ал кептірілген тканьдерде ұзақ уақытқа төзеді.Химиялық заттардың ерітінділері вирусты тез өлтіреді. Ауру малдан бөлінген вирус сау малдарға тікелей де,ауа арқылы да жұғады.  Бөлінген вирус сыртқы ортаны: мал азығын,құрал-сайманды, жайылымды, мал қорасы мен баздарды, су орындарын ластап, аурудың таралуына септігін тигізеді. Ауру сау малға көздің,ауыздың,тыныс органының кілегей қабықтары зақымданған тері арқылы жұғады. Жасырын кезең 4-12 күнге созылады, ауырған қойдың қызуы көтеріліп, кенеттен әлсірейді,көздің айналасы ісіп,  көзден кілегейлі ірің аралас жас ағады, тынысы ауырлап,өкпеден құрғақ дыбыстар естіледі. Тыныс органының кілегей қабаты қызарған,тамыр соғуы жиіленген, азыққа зауқы жоқ, бастың (көздің, терінің, мұрынның), алдыңғы және артқы аяқтарының ішкі жақтарында, желінінде, емшектерінде қызғылт дақтар пайда болады. Күл ауруымен үй жануарларының барлық түрлері және құстар ауырады. Сондай-ақ, ол адамға да жұғады.

Вирус ағзаға тыныс жолдары, ас қорыту жүйесі және зақымданған тері қабаты арқылы өтеді. Ауру малдарды күтімге алған адамдар мен залалданған құрал-жабдықтар, күл ауруымен ауырып өлген мал өлекселері,  вируспен залалданған жем-шөп,  жайылым,  тері, жүн, мал қилары, қора жайлары, аурудың таралуына себепші болады. Қанға араласқан күл ауруының вирусы ағзаға тарап, тері қабатының көптеген аумақтарында күлтілденген бөртпе томпақ, майда жарақаттар пайда болады. Кейде мұрнынан, аузынан ірің аралас сұйықтық ағады. Тілі құрғап, тыныс алуы қиындайды.

Сақтандыру шаралары, індетті болдырмау үшін ауру шығу қаупі бар шаруашылықтағы қойларға, жаппай вакцина егеді.Ауру шыққан отарға карантин қояды. Ауру белгісі білінген жағдайда дереу ауырған малды бөлектеп, мал дәрігерлік қызмет өкілдеріне хабарлау керек. Мал күтіміне арнайы киім, қолғап кигеніңіз жөн. Қора жайларды жиі-жиі тазалап, дезинфекция жасатқаныңыз дұрыс.

Х.Абзалиев,

ҚР АШМ Ветеринариялық

бақылау және қадағалау комитетінің Сарысу аудандық аумақтық инспекциясының

бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.