«ҚАУІПСІЗ КӨЛІК» АКЦИЯСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0

Құрметті автокөліктер иелері!

Соңғы уақытта автокөлік құралдарының өртену оқиғалары жиілеп кетті. Негізгі себептері: автокөліктердегі электр сымдарының қысқа тұйықталуына жол беру және ашық отпен қыздыруы бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келмеуі. Автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарағандықтан  өрттің шығуы туындап отыр. Жыл басынан бері осындай 2 өрт оқиғасы тіркелді. Алғашқы өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіштер) болмауынан және тұрақтағы автокөліктер арасындағы өртке қарсы арақашықтықтың сақталмауынан өртенген бір автокөліктен от көршілес автокөліктерге өршиді. Осы өрт бойынша автокөліктерде өртті болдырмау үшін атсалысайық.

Автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында, техникалық тексеру жүргізген кезде, мемлекеттік өрт бақылау бөлімі келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынады:

  • қуат көзі жүйесінің герметивті жалғануы;
  • электр сымының кузов элементтері мен аспап қалқанына берік жалғануы;
  • қосымша электр құрылғыларының /электрлік оталдыру шығырының, тұманға қарсы шамдарының, қосымша сигналдардың және т.б./ дұрыс орнатылуы;
  • ақаусыз өрт сөндіру құралының болуы.

Автотұрақ бөлмелерінде /гараждарда/ жол бермеу қажет:

  • жанар-жағар май багінен, жанар-жағар май өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету жүйелері өшірілмеген автокөліктерді тұрғызуға
  • электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;
  • автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағар май құюға;
  • бөлшектерді тез лаулайтын және жанатын сұйықтықтармен жууға;
  • жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға.

Автокөлік қауіпсіздігі

«Өрт – тілсіз жау». Ол айтып келмейді. Кешіксең, кешірмейді. Сәл тосылсаң, ол тажал әп-сәтте-ақ айналасын жалмап тынады.

Сондықтан ондай жаумен күресу үшін төрт қаруың түгел, сақадай сай болуың қажет. Ал бүгінгі таңда автокөліктерде өрт қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздік ережелері сақталмай отыр.Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi. Көбінесе тілсіз жаудың шығуы, автокөліктің электр сымдарының шағылысуынан пайда болады. Өзге санақ бойынша көлік ішінде шылым шегу соңғы орынды иеленбейді.

ТЖ саласының  маманы автокөлікте өрт пайда болған жағдайда не істеу керек екеніне назар аудартып, көлік иелеріне арналған мынадай сақтық ережелерін ұсынады.

Автокөлік иелері:

-Автокөліктерінізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;

-Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электрсымдарға баса назар аударыңыз;

-Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құрал болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;

-Практика көрсеткіші бойынша өрт сөндіру кезінде автокөлігіңізге көмір қышқылды өрт сөндіргіш пайдаланған тиімді.

Егер сіздің автокөлігінізде өрт пайда болған жағдайда:

-cол заматта көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, капотқа жақындатып шашыңыз;

-Практика жүзінде 90% «тілсіз жау» электро тізбектердің бұзылуынан болады.

-Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.

-Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаныз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.

-Жанармай төгілген жағдайда, лапылдап жанып кетпес үшін оны су мен көбік немесе топырақ, көбік сеуіп тастау керек.

-Егер көлігінізден өрт шықса, аккумулятордың клемасын ажыратып тастаңыз.

Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Ә.Бекенов,

 Сарысу ауданының ТЖ

бөлімінің аға инженері,

   азаматтық қорғау лейтенанты      

Leave A Reply

Your email address will not be published.