ЙОД ТАПШЫЛЫҒЫ АУРУЛАРЫ

0

Теміртапшылық анемиясының  қауіп-қатер факторлары:  Дұрыс тамақтанбау, қанның көп кетуі, жиі жүктілік және босану, кейбір аурулар (қант диабеті, ойық жара ауруы, ісіктер, гельминтоздар, әртүрлі жұқпалы аурулармен жиі ауыратындар) .

Темір тапшылығы  мен йод тапшылығы  ауруларынан қалай сақтануға болады ?

-Күнделікті  тағам мәзіріне бауыр, ет, тіл,  балық, жарма, қара өрік, сары өрік, алма, алмұрт, қымыздық, саумалдық, уылдырық сияқты темірге, йодқа бай өнімдерді  және йодталған тұзды пайдаланыңыз.

— Тағам әзірлеуде  темір мен витаминдерге байытылған  бидай ұнын және йодталған тұзды қолданыңыз.

— Ана сүті  нәрестені темірмен қамтамасыз ететін тағам.  Баланы 1,5-2 жасқа дейін емізіңіз, 6-айға дейін  тек ана сүтімен  қоректендіріңіз.  Балаға қосымша тамақ ретінде табиғи сиыр сүті мен оның негізіндегі өнімдерді  пайдаланбаңыз.

— Шәй темірдің сіңімділігін тежейтіндіктен,тамақтан кейін аз дегенде 30 минуттан соң ішіңіз.

— Сауда –саттық дүкендерден фортификцияланған  ұнды сатып алыңыз.

Сіз анемия мен йод тапшылығынан  қалай қорғана аласыз?

Анемия мен йод тапшылығының  алдын алудың қарапайым әрі тексерілген әдісі  темір мен витаминдерге (В1, В2, В3, фолий қышқылы) байытылған бидай ұны  мен йодталған тұздан даярланған өнімдерді тұрақты түрде пайдаланыңыз.

Әр  адам  өз денсаулығын , тамақтану гигиенасын  есінен шығармай осы ұсыныстарды орындаса, ешқандай қауіп жоқ.

У. Әмитов,

Сарысу аудандық санитарлық –эпидемиологиялық  бақылау  басқармасының  маманы    

Leave A Reply

Your email address will not be published.