ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК

0

         Сыбайлас  жемқорлықтың  мемлекеттік  бәсекеге қабілеттілігін едәуір  төмендететіні,  қоғамда  демократиялық  қайта  құруларды жүзеге  асыруды тежейтіні, елдің  халықаралық  беделіне  көлеңке түсіретіні  белгілі.  Ең  бастысы – адамдардың  қоғамның  демократиялық  негізіне  деген сеніміне, заң  мен әділдікке  деген сеніміне, түптеп  келгенде, биікке  деген сеніміне кері  әсер ететіні  анық.

Жасыратыны  жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік  маңызы бар  түйткілді мәселеге айналды. Себебі мұндай әрекеттің мемлекеттік  қызметкерлер тарапынан  көрініс табуы мемлекеттің дамуына  кедергі  келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке  деген  сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын  табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де  болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне  өрескел кедергі келтіретіні даусыз.

Қазіргі  таңда  мемлекет  тарапынан  жемқорлыққа  қарсы  күрес мақсатында  ауқымды  жұмыстар  жүргізілуде.  Жемқорлыққа  қарсы күресте  барлық  адамдар  заң  мен  сот  алдында  тең.  Жеке  және  заңды тұлғалардың  бұзылған  құқықтары  мен заңды мүдделерін  қалпына келтіру,  сыбайлас  жемқорлық  пен  құқық  бұзушылықтың  зиянды зардаптарын  жою, олардың  алдын-алу  және  барлық  мемлекеттік органдар  мен  лауазымды  адамдар  өз  құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни  жемқорлықпен  күресу – жалпыға ортақ міндет.

Сыбайлас  жемқорлықпен  күресте  көп  нарсе  бүкіл  қоғамның  белсене  атсалысуына  байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге  де  медиа-ресурстардың  дамуы жағдайында, сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-әрекет  барысында оны жалпы жұртшылықтың  жек  көруі  күрестің  қуатты  құралына  айналуы  тиіс.

Елбасының  мемлекетіміздің тағдыры  үшін маңызды  құжатында айтылған  мемлекеттік  қызметтегі  тұлғаларға қойылатын  талап «Әрбір  мемлекеттік  қызметкердің  ары да таза, сауапты және білікті, біреуге  тәуелді  болмайтындай  жағдайда  болса  екен», — деген жұртшылықтың  пікірімен  үндескендей.

Б.Тырнакбаева,

Салық төлеушілермен жұмыс

                                                                                            бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.