«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНА» АДАЛДЫҚ КЕРЕК

0

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Сарысу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2020 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы»  «Адалдық алаңы»  жобалық кеңсесінің  жетекшісі Ш. Бейсенбайұлы хабарлама жасады.

Сарысу ауданында Қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында ауданымызда 2020 жылдың наурыз айында «Сарысу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Жобалық кеңсеге арнайы 1 маман бекітілген. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін жобалық кеңседе жалпы  256 өтініш қаралған. Жалпы өтініштердің басым көпшілігі медицина саласы, үйдің кезегі, әлеуметтік көмек көрсету бағытында болды. Тиісті бөлімдермен аталған өтініштерге байланысты адалдық алаңы қатысуымен тиісті көмектер көрсетілді. Қазіргі таңда «Сарысу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «WhatsApp» мессенжерінде көпқабатты үйлердің тұрғындары, әлеуметтік осал топтар, мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан топтар құрып, тұрғындар тарапынан туындаған мәселелерді бірден шешу тәжірибесі енгізілген.

«Сарысу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде аудан әкімі әр аптаның сәрсенбі күні қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып отырды, бұдан бөлек Адалдық алаңы қызметкерлері аптаның кез-келген күні тұрғындармен кездесіп отыру нәтижесінде 54 азамат қатысып, әлеуметтік желі (WhatsApp) арқылы қойылған. 200-ден аса сұраққа жауап берілді. Оның ішінде нақты шешілген мәселелер де болды. Сондай-ақ  жобалық кеңседе «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында 35, «ADAL KOMEK» акциясы аясында 67 тікелей эфир жүргізілген. «Сапалы жол» жобасы акциясында да кемшіліктер анықталған.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясындағы жұмыстарға мониторинг жүргізілсе, «Адал фарм» жобасы, «Сервистік әкімдік», «Ашық әкімдік» фронт кеңсесі туралы, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» туралы мәселелер сөз болды.

Аудан әкімі Б.Жақсылықов бұл кеңсе жұмысына мынандай пікір білдірді. «Адалдық алаңына» әр кезде де адалдық керек. Әрбір сараптау жұмысына маман сарапшылар болуы тиіс. Бұл жұмысқа әр саланың мамандарын тарту қажет» деді.

Ж.Өзбеков,

“Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.