«ОНЛАЙН» АРҚЫЛЫ ТЫҢДАЛДЫ

0

 

Осы аптаның жұмасы  күні Жамбыл облысының әкімі  Бердібек Сапарбаевтың есеп беру кездесуі өтті. Есептік кездесуді барлық облыс жұртшылығымен қатар Сарысу ауданының тұрғындары да «онлайн» түрінде көгілдір экран арқылы көріп отырды.

Облыс әкімі жан-жақты қамтылған баяндамасында облыстың 2020 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы туралы айтып, облыс көлемінде алдағы уақытта атқарылатын бірқатар жұмыстардың да барысымен таныстырды.

Есепті кездесуге қатысушылар түрлі мәселелер бойынша өз ұсыныс-пікірлерін айтты.  Сондай-ақ «онлайн» жүйесі арқылы аудандардан да тұрғындар түрлі сұрақтар қойды. Оларға облыс басшысы тұшымды жауаптар қайтарды.

Камели Сүлейменова,

“Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.