ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯ

0

«Табысты ашық көрсетуден үрейленудің қажеті жоқ». Отандық сарапшылар жалпыға бірдей декларациялауға қатысты пікір білдірді. Мамандардың сөзінше қайта керісінше мұндай шешім экономикада ашықтық тенденциясын қалыптастыруға әсер етеді дейді. Еске салсақ еліміздің қаржы министрлігі 2021 жылдан бастап азаматтар өз табысын ашық көрсетуге міндеттеле бастайтынын мәлімдеген болатын.

Жаңа жылдан бастап ел азаматтары өзіне тиесілі табысын көрсетуге міндеттеледі. Бұл туралы арнайы жалпыға бердей декларация қабылданды. Шара төрт кезең бойынша жүзеге асады. Бірінші кезеңде өз кіріс туралы ақпаратты қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, Екінші кезеңде 2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен олардың жұбайлары кірісін көрсетуі тиіс. Үшінші кезеңде 2024 жылы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады, яғни заңды тұлғалардың басшылары мен жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсыра бастайды. Ал, төртінші кезеңде, яғни 2025 жылы халықтың қалған санаттары табысы туралы есеп берулері қажет.

«Декларацияны тапсыру мерзімдері қағаз жүзінде 15 шілдеге шейін тапсырылады. Электрондық түрде 15 қыркүйекке дейін тапсырылады. Содан кешіктірмей тапсырылуы керек. Шетелдегі тіркелген басқа да нысандар бойынша есеп жүргізу. Осы мақсатта енгізіліп отыр».

Сонымен қатар, сарапшы-лар декларация жұртты келісімшартсыз немесе еңбек шартынсыз жұмысқа алатын мекемелердің де заңсыз істерін әшкерелеп, ал еңбеккерлердің құқығын заң жүзінде қорғауға ықпал ететінін айтады. Сондай-ақ, табыс туралы декларация дамыған елдерде кеңінен қолданылатын тәжірибе.

«Экономикаға жақсы әсер жасайды немесе жасырын экономикаға жасап жатқан шаралар. Қайдан алды, кімнен алды, кімге берді, қалай жасалды. Ұрланбайды, қорланбайды, бір-бірін алдай алмайды немесе заңсыз ұйымдардың ақшасы болмауына қарсы жасалып жатқан шаралар».

Жалпы осыған дейін елімізде табыс туралы декларацияны тек лауазымды мемлекеттік қызметкерлер тапсырып келген. Олар құжатта жылжымайтын мүлік пен көлік құралдары туралы мәлімет көрсетті. Енді 2021 жылғы жалпыға бірдей декларация бойынша азаматтар жылжымайтын мүлікпен қатар, жер учаскелерді, әуе және теңіз кемелерді, банк салымдарды, шетелдік банк шоттарындағы ақшаларды, инвестициялық алтын мен бағалы қағаздарды, ең төменгі есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын өнер туындыларын жария етуге міндеттеліп отыр.

Б.Тырнақбаева, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық

төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы

Қоғам болып күресейік

Бүгінгі  таңда  жемқорлық  мәселесі  тек Қазақстанда  ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе  болып табылады.Қай мемлекетте  болса да  ең  қауіпті  құбылыс-жемқорлықтың  жайылып, парақорлықтың дендеуі. Сыбайлас  жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам  ешқашан  алға  баспайды, керісінше мемлекеттің  дамуы тежеледі. Қазақстанның бұл мәселедегі  ахуалы осы қоғамның кез келгеннің алаңына  айналады. Бүгінде біздің  қоғамда жемқорлық пен парақорлық араласпаған сала қалмады. Себебі, сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді  білмейді.Ол барлық  жерлерде  кең  таралған. Сыбайлас жемқорлық  халықты қанаудың  көлеңкелі  көрінісі  бола  отырып, адамзат қоғамының  даму  кезеңдерінен  қалыспай  келеді. Ол барлық уақытта  да  сынға  ұшырап, айыпталып,онымен үнемі  күрес  жүргізіліп  келеді. Сыбайлас  жемқорлық құбылысының  қауіптілігі-ол  мемлекеттік  билік  қызметіне  халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік  құбылыс  ұлттық қауіпсіздікке  тікелей  қатер төндіреді.

Ш.Асанова,мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

2021 жылдан бастап елімізде қандай салық өзгерістері болады?

«Қазір 40-қа жуық түрлі салық пен төлемдер бар. Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп депутаттық корпусты қатыстыра отырып салық міндеттемелерін түбегейлі жеңілдету және салықтар мен төлемдер санын азайту үшін салық кодексі мен заңға тәуелді актілерді қайта қарауды тапсырамын» деген болатын мемлекет басшысы.

Жақында ғана салық кодексіне енген өзгеріс бойынша, 1 қаңтардан бастап қосымша құн салығы бойынша есепке қоюдың шекті мөлшері 30 мың АЕК-тен 20 мың АЕК-ке дейін қысқарады. Ал биылдан бастап көпқабатты үй тұрғындары жер салығын төлеуден босатылады. Осыған дейін олар аталған салықты төлеп келген болатын.

Сонымен қатар мемлекет көлік салығын төлеу мерзімін де ұзартты. Былтыр 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеп үлгеруі керек болса, енді ол мерзім 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.

2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинаған қаражатының бір бөлігін алып, оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге пайдалана алады. Қазір бұл бастаманы реттеумен «Отбасы банкі» айналысып жатыр. Осы орайда жинақтан ақша алу кезінде аталған қаражаттың 10 пайызы жеке табыс салығы ретінде ұсталатыны хабарланды. Дәл осы ереже қоғамда әжептәуір шу тудырды. Дегенмен қоғам қарсылығына қарамастан заң жобасы бәрібір қабылданбақ. Яғни, азаматтар жеке табыс салығын төлейді, алайда бірден емес. Аталған төлемді зейнет демалысына шыққаннан кейін бөліп төлеу қарастырылып отыр.

Енді ел тұрғындары мүлік пен жер салығын бірге төлейді. Сол арқылы аталған салық түрін төлеу процесі жеңілдетіліп отыр.

Пандемияға байланысты былтыр кіші және шағын бизнес ұжымдық табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік және бірыңғай жер салығын төлеуден босатылған еді. Мемлекет сондай-ақ бизнесті тексеруге қатысты да мораторий жариялады. Аталған шара 2022 жылдың соңына дейін күшінде болады. Сондай-ақ шағын және орта бизнес те салықтан және жалақы қорының төлемдерінен босатылды.

2021 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2917 теңгені құрайды. Ал базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төменгі мөлшері 34 302 теңге болып бекітілген. 2021 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге күйінде қала береді. 1 қаңтардан бастап төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 18 524 теңге. Бұл ретте минималды зейнетақы мөлшері – 43 272 теңге.

О.Тоқтарбеков, мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.