Абайлаңыз, алаяқ

0

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атына еліміздің барлық өңірлері тұрғындарынан алаяқтық схемаларға жазбаша да, телефон байланысы арқылы да шағымдары бойынша жағдайлар жиілеп кетті.

Бұл жағдайда алаяқтар ықтимал құрбандардың ұялы нөмірлеріне шығып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, Үкіметтің қарыз жүктемесін азайту жөніндегі ойдан шығарылған бағдарламасын таратуда. Яғни, алаяқтар қаражаттың бір бөлігін олардың шоттарына аударған жағдайда мемлекеттік қаражат есебінен несиелер бойынша бар берешекті толық өтеуге уәде береді. Бұдан басқа, өздерінің мақсаттарына жету үшін әлеуетті құрбандарға олар қолдан жасалған бланк пен Министрліктің мөртаңбасын пайдалана отырып, Қазпошта арқылы ресми хаттар жіберуде.

Құрметті аудан тұрғындары!

Бүгінгі таңда қарыз жүктемесін азайту жөніндегі барлық іс-әрекеттер жалған болып табылады. Осыған орай алаяқтардың құрбаны болмас үшін сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.

Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі заян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты шаралар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.