Жемқорлықпен күрес-БАРШАМЫЗҒА МІНДЕТ

0

Егемендік алып, ел болып, еңсесін көтерген елміз. Тәуелсіз елдің іргесінің нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылдап, жүйелі жоспарлар бекітті.    Осындай еселі еңбектің арқасында мемлекетіміз әлемге өзінің біртұтас, ажырамас бірлігімен танылды. Дегенмен, жасампаз мемлекетіміздің жарқын болшағына дақ түсіріп отырған сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінгі қоғамның басты кеселі болып отыр.

Жемқорлық еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне едәуір нұқсан келтіретін, қоғамда болып жатқан жаңа мүмкіндіктердің жүзеге асырылуын тежейтін, еліміздің халықаралық беделіне сызат түсіретіні белгілі. Түптеп келгенде, адамдардың заң мен әділдікке, билікке, жалпы демократиялық қоғамға деген сеніміне селкеу түсіріп, ел дамуына кері әсер етеді.

Сыбайлас  жемқорлық бүгінде  бүкіл әлем  қоғамдастығына  қауіп  төндіріп отыр. Біздің елімізде де бұл мәселеге  қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған  күнен басталып, мемлекеттің бірінші  кезектегі міндетіне айналған. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсын да қатты алаңдататыны анық.    Қазіргі таңда  қоғамымызға, қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа  қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан, қауіпті індет сыбайлас  жемқорлықпен көп болып күресейік. Сыбайлас жемқорлықпен күресу — барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек»,– деп айтқандай, адалдық ардың ісі екендігін көрсете отырып, қоғамдық кеселге қоғам болып күш біріктіріп, қызмет жасаймыз. Олай болса, жегі құртты жеңу еліміздің әрбір азаматының адалдық пен адамдық борышы.

Айжан Икежанова,  Әйтеке би атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.