ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

0

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Нақтырақ айтқанда Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 19 желтоқсандағы № 384-VI ҚР Заңына сай,  мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Атап айтқанда, «ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан жүкті әйелдерді, жас балалары бар әйелдерді, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерді, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерді, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерді, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерді осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.

Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан, ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған адамды осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша:

  1. өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған; 2.адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған; 3. ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жас-тан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер жасаған жағдайларды, ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған сотталғандарды қоспағанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталған; Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Отбасылық сот» пилоттық жобасының

маңыздылығы

Әр отбасы бір бөлек мемлекет. Ол мемлекетті сақтап қалу, қиыннан қиыстырып түзу жүру,  сол мемлекеттің мүшелерінің міндеті. Алайда бүгінде тұрмыстық жағдайдың ауыртпалығына шыдай алмай, өзара келіспеушіліктердің нәтижесінде құрған шаңырақтардың тез қирауы орын алып отырғандығы баршаға аян. Кикілжің орын алып, бірін-бірі түсінбеушілік нәтижесінде екі жақ сотқа жүгінеді. Сотқа келген тараптарды ажырастыра салу, сот алдында тұрған басты мақсат емес. Ең бірінші сотқа жүгінген тараптарды татуластырып, бала-шағаны жетім емес, біртұтас отбасында тәрбиеленіп, әке мен ананың тәрбиесінде өсіру, яки құрған мемлекеттерін сақтап қалу – сот алдындағы мақсат. Бұл ретте ҚР Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асырылып, кешенді шаралар  өткізілуде.

Мәселен, тараптармен психологтар әңгімелесу жүргізеді. Олар әр отбасының ішкі жағдайларына үңіліп, келіспеушіліктерді жоюға ықпал етеді. Осы тәрізді шараларды сот судьялары да атқарып, нәтижесінде тараптар ортақ шешімге бірге келіп жатады. Әрине, әр отбасының ажырасу тарихы, себебі алуан қилы, келіп түскен талап арыздың себебі әр түрлі. Алайда жиі кездесетін жағдайлар, тұрмыстық жағдайының ауыртпалығы, тұлғааралық келіспеушіліктер және ішкі жағдайлар.

Ал, ажырасу баланың тұрғылықты жерін анықтау, әкелікті тану, алиментті белгілеу бойынша арыздар азаматтық соттардың таразылауымен шешімін тапты. Егер «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асар болса отбасы, жасөспірімдер құқығына, ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктерге байланысты дау-дамайлар бір соттың құзырына беріліп, бір ортада шешіледі.

Пилоттық жобаның мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне ықпал ету. Бүгінде өркениетті елдердің біразында отбасылық соттар қызмет етеді және ол отбасыдан бастау алатын мейірімділік, ізгілік қасиеттерді сақтайды.

Отбасылық сот пилоттық жобасы қазір кейбір соттарда үлгі ретінде жұмыс істеуде. Алдағы уақытта мұндай соттарға отбасылық психологтарды, мықты медиаторларды, әлеуметтанушы-педагогтарды тарта отырып жұмыс істеу арқылы отбасындағы келіспеушілікті азайтып, некені сақтауға, сол арқылы балалардың ата-анасының жанында тәрбиеленуіне жол ашылар еді.

Д.Кадерқұлқызы,

аудандық соттың судьясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.