САЙЛАУ ӨЗ ДӘРЕЖЕСІНДЕ ӨТТІ

0

 

Үстіміздегі жылдың 10 қаңтары –барша қазақстандық үшін саяси тұрғыдан аса жауапты күн ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау болды. Таңғы сағат 07.00-ден бастап саяси науқанға белсенділік танытқан аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады.

Аудан бойынша 25 сайлау учаскесінде 25850 сайлаушылар кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс берді. Ал, мүмкіндігі шектеулі, сайлау учаскесіне келе алмай, үйден дауыс берген 287 тұрғындарға жәшіктер апарылды.

Әрине, бұл сайлаудың бұрынғылардан өзгешелігі қатаң карантиндік шаралар аясында өтті. Барлық учаскелерде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне сай жабдықталды және санитарлық талаптар қатаң сақталды. Дауыс беруге келгендердің дене қызуы медициналық қызметкерлер тарапынан тексеріліп, арақашықтық сақталды.

Биылғы конституциялық мерзімге сай өтіп жатқан Мәжіліс сайлауына елімізде тіркелген бес партия түсті. «Nur Otan», «Ауыл», «ADAL», «AQ JOL» және «Қазақстанның Халық партиясы» депутаттық мандаттан үмітті болды. Бұл партиялар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға да өз кандидаттарын ұсынды.

Осы лекте аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов та өз таңдауын жасады. Аудан басшысы спорт кешенінде орналасқан №363 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Сонымен қатар, аудан әкімі дауыс берген қарт сайлаушы Баян Тұрдалиеваға, мүмкіндігі шектеулі азаматша Жанар Шоқпароваға, өзге ұлт өкілі 81 жастағы Владимир Ивановичке, жас сайлаушы Гүлнұр Олжатайға сыйлықтарды тарту етті.

— Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Енді осы тәуелсіздікті бағалауымыз  керек. Мен ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бей-жай қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін,-деді Баян Тұрдалиева.

Камели Сүлейменова, “Sarysý”

Leave A Reply

Your email address will not be published.