Аудан әкімін Жаңа жылмен құттықтау

0

Әкім болып келіпсің Бақыт балам,

Жаңатасты жайнатшы келсе шамаң.

Халқыңа қалаулы-еліңе елеулі болып,

Жүре берші өмірде есен –аман.

Келіп жеткен жаңа жыл құтты болсын,

Дастарханың жайылып, асқа толсын.

Халқыңның арасында бірге болып,

Ынтымағың- бірлігің- тірлігің бірге болсын.

 

Бұдан былай Жаңатас жайнай берсін,

Жастарым уайымсыз тойлай берсін.

Әкелері жұмыстан қолы тимей,

 Балалары үйінде  ойнай берсін.

Қарағым өзіңе енді тұрақты бол,

Халқыңа берекелі шуақты бол.

Аналық мейірімді сөзімді айттым,

Жастарға ақ пейілді шырақшы бол.

Мен қазір келіп тұрмын 80 жасқа,

Не айтамын өзіңе бұдан басқа.

Қан-қысымым жоғары болғандықтан,

Далағада шықпаймын құламасқа.

Маржан Хасенова, зейнеткер, көпбалалы

ардақты ана.

Leave A Reply

Your email address will not be published.