ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ЕСЕП БЕРЕДІ

0

Қала көркею үстінде

Д.Борсықов,

қала әкімі

2020 жылы қаланың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілді. 3 көшеге және шағынаудандағы 2 жолға жаяу жүргіншілер жолы салынып, түнгі жарықшамдар орнатылды. Қаладағы шағынаудандар ішіндегі барлық көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары жарықтандырылып, 5 үйдің сыртқы беті қапталды. Аспандияров, Мұқанов, Бейбітшілік көшелерінің жарықшамдары ауыстырылды. Саябақтар мен жасыл белдеулерге және орталық көше бойына суғару жүйелері және Қойгелді көшесінің соңына жеңіл көліктерге арналған көпір орнатылды. Қойгелді көшесінен Пушкин көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолы, орталық базар аумағында жаяу жүргіншілер тротуары салынды.

Қала аумағындағы 12 баспалдақ қайта қалпына келтіріліп,18 жерге балалар ойын алаңшалары соғылды.1-шағынаудан №22 үйдің алды абаттандырылды.

Қаланың кіре-беріс жеріне ауданның төлқұжаты орнатылды. Жібек жолы көшесі бойына 2 автотұрақ соғылды. Бұрынғы ЖБИ аумағына жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарықтандырылды. Демеушілер тарапынан 19,0 млн. теңгеге «Ынтымақ» аллеясын абаттандыру жұмыстары жалғасын тапты.

Оған қоса, қаламыздағы ұзындығы 8 км болатын 12 көшеге орта жөндеу, 2 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 нысанның құрылысы жүргізілді. Бағдарлама аясында орталық көше жолдарының бойына бордюрлер қойылып, арық науалары орнатылды. Қаладағы 13 аркаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 3-шағын- ауданға балалар ойын алаңшасы, дене-шынықтыру мен стрит-воркаут құрылғылары соғылды.

Бүгінде қаламызда 1192 кәсіпкерлік субъектілері белсенді жұмыс атқаруда. Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясының I-бағыты бойынша 2 кәсіпкер 18 млн. 280 мың теңге, II-бағыты бойынша 84 жас кәсіпкер қайтарымсыз несие алып, өз жұмыстарын бастауда.

Моноқалалар үшін берілетін несиелік қаражатты «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы беру көзделіп отыр. Осы бағытта Жаңатас қаласынан бүгінгі күнге 100 млн. теңгені құрайтын 18 жобаның тізімі жинақталды.

Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, 433 иесіз ит-мысықтар ауланды. Мал сою алаңдарында 133 бас ауыл шаруашылығы малдары сойылды. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын оқшаулау мақсатында қала бойынша 3 кезеңді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, карантиндік режимі күшейтілген кезінде және Құрбан айт, басқа да мерекелік күндері Жаңатас қаласының аз қамтылған отбасыларына демеушілердің қолдауымен көптеген қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Жаңатас қаласындағы 38 бейнебақылау камераларын қадағалау Сарысу аудандық полиция бөліміне өткізілді. Қала әкімі тарапынан ағымдағы жылы 5 учаскелік тіректерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы қаламызда екі бірдей көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілді. Осы ретте 180 отбасы тұрақты баспанамен қамтылды.

 

Ауыл көркі ажарлануда

А.Назарбеков,

Байқадам ауылдық округі әкімі

Байқадам ауылдық округ бойынша  38 көше бар, оның  бұрын 8 көшесі асфальттанған,   2020 жылы Саудакент ауылы ішіндегі 22 көшенің жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, сомасы 342 млн. теңге.  Ауыл бойынша жол белгілерінің 40 жол белгісі бар. Ауылдық мәндегі автомобиль жолдары 39,5 км құрайды. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары тұрақты жүргізліуде.

2019 жылы Сарысу ауданында «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясында пилоттық ауылдық округі ретінде Байқадам ауылдық округі Саудакент ауылы таңдалған.

Мақсаты: қарапайым заттар экономикасын арттыру, яғни, ауладағы жерді игеру, мал өсіру және жұмыссыздық деңгейін төмендету. Пилоттық жоба бойынша несие 2,5 пайызбен 5 жылға берілді.   Осы жұмыстары пилоттық жобаның  5 —  бағыты бойынша  жүргізілді.

Кәсіпкерлік саласы бойынша барлығы 119 — субъекті оның ішінде, 1- кооператив, 2- ЖШС, жеке кәсіпкерлік — 69 нысан, шаруа қожалықтары -22. Биыл  1- супермаркет,1-көлік жуу орны, 1- автобөлшек дүкені, 1-дәнекерлеу цехі ашылды.

Мал шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемі Ет-2367 тн, сүт 3160 цн болды. Белгіленген меже бойынша « Оңтүстік халал ет тағамдары» ЖШС — 9 тн қозы ет экспортталды.

Ауыл шаруашылығы малдарына сырға салынып, қозғалысы статистикалық есепке алынған, тұрақты қадағаланып отырады.

Жалпы – 44 техника – трактор-15, соқа- 4, 6- тырма, 5-кун тіркемесі, тележка-12, 2 — косилка.

Егін шаруашылығы бойынша:  11 —  шаруа қожалық егін шаруашылығымен айналысады.   Жалпы егістік 203 га егін егу жұмыстары жүргізілді.  Егін шаруашылығымен айналысатындар  70 га дәндік жүгері егіп  420 тн өнім, 190 га жоңышқа егіп 570 тн өнім алынып және 6514,7 тн  жоңышқа мен табиғи шөп жиналды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Ынтымақ» ш/қ өндірістік инфрақұрылым жүргізді.  Электр желісі ұзындығы 6,6 шақырым 28,5 млн. тг, тартылған ивестиция 58,2 млн. теңгені құрады.

Жайылымдарды суландыру бағдарламасы аясында «Ынтымақ» және «Мұрат-1» шаруа қожалықтары құдық қаздырды. Жалпы шаруа қожалықтарында 8 құдық пайдалануда.  «Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту 2017 — 2021» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Әлсейт» шаруа қожалығы лизингке трактор МТЗ-80, КУН,  тырма техникаларын сатып алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында несие алуға ниет білдірген    57- ауыл тұрғыны халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалында 1 айлық курсын бітіріп, сертиефикат алып шықты.

2020 жылы 57 азамат  жаңа бизнес идеяларын іске асыру мақсатында қайтарымсыз грант алып,  кәсібін дамытуда. Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы аясында  «Даму» АҚ арқылы 1 –ауыл тұрғыны  16,0 млн. теңге несие алып кәсібін дамытуда.

Денсаулық сақтау саласына ауыл орталығында емхана мен аурухана қызмет атқаруда. Аурухананың жылыту қазандығы іске қосылып, толыққанды жұмыс жасауда. Сонымен бірге ауыл тұрғындары арасында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде .

Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп, жұмыспен қамту қоғамдық жұмысы бойынша 15 азамат жұмысқа тартылды. Жоғары және арнаулы орта білім алған 14 азамат ауылдық округ бойынша жастар тәжірибесінен өтті.

Елді мекенді абаттандыру, елді мекенде санитарлық тазарту жұмыстары атқарылуда. Көктем-күзгі тазалық айлығына байланысты сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, ондағы жиналған күл-қоқыстар арнайы орындарға шығарылады.

Тазалық бойынша ауыл тұрғындарына ӘКҚБ Кодексі бойынша айыппұл  салынатыны түсіндірілуде.

2020-2021 жылғы қыс маусымына ауылдық округтегі білім беру нысандары, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана т.б мекемелерге қажетті қатты отын түсіріліп, жылу қазандықтары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жылу берілуде.

КӘСІПКЕРЛІК  САЛАСЫ АРТУДА

Д.Баймбетов,

Тоғызкент ауылдық округі әкімі 

Округтегі тұрғындарға 1 орта, 1 негізгі, 1 спорт мектебі, 1 амбулатория, 1  медициналық пункт, 2  кітапхана, 2 клуб үйі, саз мектебінің филиалы, 100 балаға арналған «Жанна» бөбекжай бақшасы, 1«Пошта» бөлімшесі, 1  учаскелік полиция инспекторы және электр жүйесінің 2 маманы халыққа қызмет етеді.

Мал басы өз төлі есебінен жылдан-жылға өсіп келеді. Мүйізді ірі-қара 3200 бастан – 3296 басқа, қой-ешкі  25316 бастан – 25822 басқа, жылқы  624 бастан — 654 басқа, үй құстары 1007 басқа жетті.

Ауылдық округі бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына 31 жеке кәсіпкер тіркелген,  олардың ішінде 5 кәсіпкер сауда қызметімен, 2 кәсіпкер дәрі-дәрмек сатумен айналысады. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың игілігіндегі 5 сауда нүктесі, «Ақжол» жанармай құю станциясы, «Ақмарал»  кафесі, 1 Техника жөндеу орталығы тұрғындарға қызмет көрсетіп, халықты күнделікті сұраныстағы заттарымен қамтамасыз етіп отырады.

Сонымен қатар, ауылдық округте 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 60 шаруа қожалықтары тіркелген. Биылғы жылы 3 азамат жеке шаруа қожалығын ашып, мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп жұмыс жасауда. Оның ішінде нақты жұмыс  істейтіні 45 шаруа қожалығы, онда 118 адам жұмыс істейді.

Үстіміздегі жылы шаруашылықтар ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында да белсенділік танытты. Олар лизингке және жеке қаржыларына 3 бірлік техника алды.

  1. «Алмаз» ШҚ Түймебаева Нұршайым – 16 млн. теңге Погрузчик тракторын лизингке алды.
  2. «Думан» ШҚ Мадемаров Бақберген – 8,5 млн. теңге өз қаржысына «БЕЛАРУСЬ-82,2»тракторын сатып алды.
  3. «Қаһарман» ШҚ Құрымбаев Абзал – 7,0 млн. теңгеге Газель-фермер автокөлігін лизингке алды.

Жалпы ауылдық округ бойынша 2010 жылдан бері лизингке 13 «МТЗ» тракторы және 4 «Газель» автокөлігі алынды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ – бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 2 тұрғын 7,0 млн. теңге      (Иманбеков Марат  — 4,0 млн теңге алды, 80 бас қой, 1 қошқар, Жақай Аят — 3 млн. теңге алып, 7 бас жылқы), 200 АЕК дейінгі көлемдегі қайтарымсыз гранттан 12 тұрғын 5 502 мың теңге алды.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ

Ж.Арыстанбеков, Түркістан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы       

Түркістан ауылдық округі құрамына енетін 3 елді мекенде 1437 адам  есепте тұрады. Ауылдық округке қарасты Арыстанды ауылында 291 күрді халқы тұрақтанған. Жыл қорытындысымен мүйізді ірі қара — 1450, қой-ешкі — 15435, жылқы малы — 803,  үй құстары 3076 басты құрап, өткен жылдан МІҚ 23, қой-ешкі 1019, жылқы 43 басқа артты.

Ауылдық округтің негізгі бағыты — егін шаруашылығы. Ауылдық округ бойынша 70 шаруа қожалығы мен 15 жеке кәсіпкер тіркеліп, ауыл шаруашылығымен және басқадай салалармен айналысуда.

Ауылдық округ бойынша ағымдағы жылы 2067,7 га күздік бидай, 3383,3 га  жаздық арпа, 5399,3 га мақсары, 2 252,8 га жоңышқа егіліп, халық игілігіне ысырапсыз жиналып алынды. Астық ору науқанына 26 астық комбайны қатысты. Дәнді дақылдардың өнімділігі 20,1 центнерден, майлы дақылдың өнімділігі 6 центнерден айналды. 2021 өнімі үшін 3463 га жерге күздік бидай егілді.

Үстіміздегі жылы шаруашылықтар ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында да белсенділік танытты. Олар лизингке және жеке қаржыларына 12 бірлік техника алды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ – бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 тұрғын 14,0 млн. теңге (Тагиева Нурия  — 4,0 млн. теңге алды, 10 сиыр, 1 бұқа, Жанабаев Ш.  — 6 млн. теңге алып, тұқымдық 100 тонна бидай, Есімбеков Б.К – 4,0 млн. теңге алды, 12 бас сиыр), «Саудакент НС» ЖШС-і арқылы 2 азамат 8,6 млн. теңге (Бейсенбеков А. – 6 млн. теңгеге 17 бас жылқы, Майхиев Б. — 2,6 млн. теңге К-700А тракторын сатып алуға), 200 АЕК дейінгі көлемдегі қайтарымсыз гранттан 11 тұрғын 6,5 млн. теңге алды.

Қосымша тағы 10 азамат «Бастау-Бизнес» курсын оқып, қайтарымсыз грант алды.

8 шаруашылық электр өндіретін күн батереяларын орнатты және құдық қаздырды. Шаруа қожалықтары астық дәндерін сақтайтын 2 қойманың құрылысын жүргізді.

Мемлекет есебіне өз мақсатында пайдаланбай отырған 16 азаматтың 153,8 гектар егістік, 7020,3 гектар жайылымдық жерлерін қайтаруға ұсыныс берілді. Жыл ішінде Ә.Бүркітбаев ауылында ардагерлер аллеясының құрылысы аяқталып, аллеяның ішінен «Стрит воркаут» алаңшасы орнатылды. Жұмыспен қамтудың «Жол картасы» бағдарламасы аясында Әшір Бүркітбаев ауылындағы Түркістан көшесі жөнделіп, Арыстанды ауылы мен Түркістан облысына дейінгі 6 км жолға шағал тас төселді. Әшір Бүркітбаев ауылындағы Түркістан, Мұхтар Әуезов көшелеріне 27 дана лайтбокс құрылғысы орнатылып,Әшір Бүркітбаев ауылындағы аялдама күрделі жөндеуден өткізіліп, балалар ойын алаңшасы қоршалды.

 

БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ АУЫЛ ЭКОНОМИКАСЫН ЖАҚСАРТУ ДЕП БІЛЕМІЗ!

Н. Молдабеков

Досбол ауылдық округі әкімі

Досбол ауылдық округі бойынша қазіргі таңда — 618 адам есепте тұрады. Көкдала ауылдары маңында орналасқан шаруа қожалықтарын қосқанда барлық аула саны- 111 үй,  оның ішінде Досбол ауылында — 55 үйде -316 адам, Шағалалы ауылында 34 үйде- 192 адам, Кіші Көкдала ауылында -10 үйде -42 адам, Үлкен Көкдала ауылында 12 үйде   — 68 адам  есепте тұрады.

Аймақтағы тұрғындарға 1 орта, 1 негізгі және 1 бастауыш мектеп, 3 фельдшерлік пункт, 3 кітапхана, 1 клуб, 1 учаскелік полиция инспекторы  қызмет көрсетеді.

Ауылдық округтегі медициналық пункттер бойынша 2020 жылы  11 бала дүниеге келген.  3 ауылда медициналық пункттерде 4 медбике, 3 қарауыл, 2 тазалықшы жұмыс істейді. Аймақ тұрғындарының негізгі кәсібі-мал шаруашылығы, мал басын өткен жылмен салыстырғанда   өсім байқалады.

  • Мүйізді ірі-қара өткен жылы 2387 бас болса, есепті мерзімде — 2446 бас болып, 59 басқа,
  • қой-ешкі 23714 бас болса – 24 071 басты құрап, 357 басқа,
  • жылқы 575 бас болса — 621 бас болып, 46 басқа,
  • түйе 290 бас болса — 296 болып, 6 басқа,
  • үй құстары 259 бас болып, 19 басқа өсті.

Ауылдық округте үш тұрғын үй салынуда, оның біреуі Көкдала ауылынан  пайдалануға биыл берілді. Биылғы мал қыстату жылында 8921 тн. қажетті мал азығын дайындау жоспарланып, орындалды. Аймақта ең негізгі салық түрлері жеке тұлғалардан салық жинау, бұл салада   2020 жылға  түрлі болжам бойынша салық түсімдері 100 пайызға орындалды. Барлық жұқпалы ауруларға алдын ала егу, қан алу жұмыстары 100 пайызға орындалды. Ауылдық аймақта көктемгі-күзгі көріктендіру, көгеріштендіру, тазалық жұмыстарының екі айлықтары ұйымшылдықпен өткізілді. Ауыл көшелері мен мекеме аулалары ауылдық аймаққа қарасты барлық мекемелерге бөлініп бекітіліп берілді. Екі айлық шеңберінде  сенбіліктер ұйымдастырылып,  ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері және ауыл жастары қатысты. Ауылдық округте 26 шаруа қожалық тіркелген. Мал шаруашылығын дамыту бойынша 1 шаруа қожалық ашылды. Оның 62 пайызы яғни 13-і мемлекеттік бағдарламаларға  қатысуда. Соңғы үш жылда   ауылдық округте бүгінге дейін 4 «Сыбаға» алынды, 2 инфрақұрылым объектісі салынды, МІҚ асылдандыруды 5 шаруашылық жүргізуде. Қой малын асылдандыруды 7 шаруашылық жүргізуде. «Лизинг» бағдарламасы бойынша ауылдық округте 2 трактор, 1 шөп шалғы алынды. Атап айтсақ, «Лизинг» бағадарламасы бойынша «Қанат – 2014» шаруа қожалығы  «МТЗ-82»,1 тракторын(7,5 млн), Елдос – 2004» шаруа қожалығы «МТЗ-1221» тракторын(13,5 млн), өз қаржысына «Таңат-84» шаруа қожалығы  1 шөп шалғы (косилька) сатып алды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» бағдарламасы бойынша  2 азамат 6 млн. теңге несие алып, мал өсірумен айналысуда. 2020 жылдың қорытындысымен  550 мың теңге қайтарымсыз грантты ауылдық округтен 7 азамат алды.

Ауылдық округте өткен жылы Досбол ауылына газ құбыры толық тартылып, пайдалануға берілген. Ауыл тұрғындары толық газ пайдаланып отыр.

 

Ауқымды жұмыстар жалғасын  табады

А.Мұқашев,

Жайылма ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы алға қойған міндеттерін орындау бағытында ауыл тұрғындары өкілдерімен 4 рет  жиын өткізілді. Сонымен қатар облыс әкімінің, аудан әкімінің бекіткен кестелері бойынша ақпараттық-насихаттық топтар ауылдық округтегі мекемелерде, тұрғындар арасында насихаттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жайылма ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020  жыл басынан бері, 123 өкім, 64 шешім, оның ішінде жер мәселесіне байланысты 13 шешім қабылданды.

Ауылдық округ бойынша:

2020 жылдың 31 желтоқсанына: 4 елді мекенде: 571 — аула, 942 – жанұяда 3798 адам тұрады. Жыл басынан бері 76 нәресте дүниеге келіп, 19 адам дүниеден өтті.

28 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 9 227 000 теңге қаражат берілді.

Қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарына 24 адам тартылып, 16 059 750 теңге төленді.

56 азамат әскер қатарына шақырылып, қазіргі таңда 12 азамат әскери борышын өтеуде.

Нақты уақытта 73 шаруа қожалықтары жұмыс істеп тұр.

2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021» жылдарға арналған бағдарламасы бойынша  “Жеңіс” шаруа қожалығы 50 000 000 теңге, жеке кәсіпкер «Балабина» 3 500 000 теңге несие алып, өз кәсіптерін ұлғайтуда.

2020 жылы көктемгі егістік алқабы өткен жылмен салыстырғанда 40 гектарға ұлғайды.

Ауылдық округ әкімшілігі тарапынан, көктемгі және күзгі санитарлық тазалық айлықтары аясында, төрт ауылдан 73 үйге жазбаша ескертулер берілсе, 18 азаматқа арнайы хаттама толтырылып ескертілді. 3 азаматқа айыппұл салынып өндірілді.

Жыл басынан бері, Жайылма ауылдық округінің полиция инспекторы тарапынан: ауылдық округ бойынша барлығы 5 қылмыс тіркеліп 5 қылмыс ашылып, 1 адамның әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.

Ағымдағы жылы ауылдық округ бойынша, мекемелер мен жеке тұрғындар арасында 5800 тал көшеті отырғызылды.Ауыл сыртында кездейсоқ төгілген күл-қоқыстарды, тиісті орынға шығару және жол бойын тазалау жұмыстары жалғасуда.

Жайылма, Қызылдиқан, Маятас, Ақтам ауылдарындағы тұрмыстық қалдықтар тастау орындарының құжаттары жасалды, маңайы ретке келтірілді.

Әртүрлі жағдайларда болатын төтенше жағдайларға байланысты, ауылдық округте, 3 топтан тұратын ерікті жасақшылар тобы жасақталған. 2 «МТЗ-80» тракторы, 1 «Газ-53», 2 «Нива» автокөліктерімен: өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кезекшілік кестесі жасалынып, жасақшы топ дабылға сәйкес — жұмысқа дайын.

 

Игіліктегі иі істер

А.Бердібаев,

Игілік ауылдық округі әкімі

Ауылдық округке 2 елді мекен Өндіріс, Игілік  ауылдары қарайды. Ауылдық округ тұрғындарының негізгі кәсібі егін мен мал шаруашылығы. Ауылдық округтегі мал басы мүйізді ірі қара 2054 бас, қой-ешкі 21671 бас, жылқы 651 бас, түйе 283, құс 1200  басты құрады. Өткен жылы 570 гектар жүгері, 523 гектар мақсары, күздік бидай 300 га,  жаздық арпа 460 га, 10 га картоп,  егіліп  жиналды. Жүгеріден  өнім 65 центнерден айналды.

Мемлекеттік   бағдарламалар  бойынша: «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама аясында жеке кәсіпкерлер Садық Алтынай  49 бас уақ мал 5 бас МІҚ, 12 тонна шөп, 3 тонна жем 4,0 млн. теңге, Карибаева Жанар 6 бас жылқы 9 бас МІҚ 12 тонна шөп, 4 тонна жем 5,5 млн. теңге, Жанаева Назгүл 5 бас жылқы 2,0 млн, 500,0 мың тенгеге жем шөп,  Карибаева Айдана 37 бас саулық қой 3 бас қошқар 2,0 млн. тенге, 500 мың теңге жем-шөп несиеге алып, кәсіптерін дөңгелетуде.

Жаңа бизнес идеяларын іске асыру мақсатында 555,0 мың теңгеге дейінгі қайтарымсыз грантты 23 азамат алды. «Лизинг» бағдарламасымен  «Ақниет» шаруа қожалығының төрағасы Т.Ботабеков «МТЗ-82» 2 тракторын 8,5 млн. теңгеге алды. «Қозықырған» шаруақожалық төрағасы Б. Бұзауов  шөп буғыш (рулон),   2 850,0 мың теңгеге несиеге алды.

“Азамат-2005” шаруа қожалығының төрағасы Досымбаева Шайзада айналым қаражат үшін көктемгі егіс дала жұмыстарына “Кең дала” бағдарламасымен жанар-жағармай және тұқым сатып алу үшін 4,0 млн. теңге қысқа мерзімді несие алды.

“Жарасбек-Ата” шаруа қожалығының төрағасы Ерубаев Пернебек айналым қаражат үшін көктемгі егіс дала жұмыстарына “Кең дала” бағдарламасымен жанар-жағармай және тұқым сатып алу үшін 3,0 млн. теңге қысқа мерзімді несие алды.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді орындау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.2020 жылдың 9 айына төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы (ИПН) жоспар – 86 000 тг орындалғаны 113520 тг 132%, мүлік салығы жоспар болса — 22000 тг орындалғаны – 28000 тг, 127 %,  жер салығы жоспар -187000 тг   орындалғаны 217384 тг 116,0%, көлік салығы жоспары – 2194000 тг  орындалғаны -2547271  тг  116%   құрап  отыр.

Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен бірқатар жұмыстар атқарылды. Игілік және Өндіріс ауылдарына ауыз жүйесін тарту 2- кезеңі  жалғасуда . (Құны 538 млн. теңге).

Өндіріс ауылына кіре-беріс жолдың жабындысы орта жөндеуден өткізілді.  Өндіріс ауылындағы кіре-беріс аркаға жарық әріптерін көлемдік қаптау  орнатылды. Өндіріс ауылына кіші футбол алаңшасы салынды. Игілік ауылына кіре-беріс жолдың жабындысын орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Үстіміздегі жылы ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан А. Назарбеков, С. Орманов, А. Рысбаев көшелеріне қуат үнемдегіш лампаларын  21777,0 мың теңгеге, Игілік ауылына теннис үстелдері бар шағын футбол және стрит-воркаут алаңдарын 12610,0 мың теңгеге, А. Рысбаев көшесін асфальттау -26201,0 мың теңге, С. Әжікұлы көшесін асфальттау -12291,0 мың теңге, Өндіріс ауылындағы саябақты 1 га ұлғайту-7296,0 мың теңгеге, Клуб үйлерінің құрылысын жүргізу алдағы уақыттарда атқарылатын болады.

Мал саны өсуде

М.Төлеутай,

Қамқалы  ауылдық округі әкімі

Қамқалы ауылдық округінің аумағы 1 млн. 38 мың 803- га жерді алып жатыр. Оның ішінде 88 724,94 га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер, 666,45 га шабындық  88 058,49 га жайылымдық 13217 га  шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлер, 14 910 га елді мекендердің жерлері, 301199  га орман қоры жері . Ауылдық округ орталығы аудан орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан.

Қамқалы ауылдық округінде 2 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 3 клуб, 3 кітапхана, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория (СВА), 2 медициналық  пункт жұмыс істеп тұр. 1 жергілікті учаскелік полиция қызметінің инспекторы қызмет көрсетеді.

Білім беру саласы бойынша: Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектебінде 55 оқушы, 15 ұстаз, 16 жұмысшы, Жайлаукөл орта мектебінде 101 оқушы, 25 ұстаз, 22 жұмысшы бар. С.Сефуллин атындағы орта мектебінде 96 оқушы,  23 ұстаз, 25 жұмысшы. Оның ішінде 8 оқушы Қамқалы ауылынан тасымалданады. Мектептердің жылу жүйелері бірқалыпты жұмыс істеп тұр. Қыс маусымында сұйық отынмен тұрақты қамтамасыз етіледі. Мектептер қазіргі уақытта  транстелеком интернет жүйесіне қосылған.

Мектепке дейінгі тәрбие беру бойынша 25 орындық шағын орталықтар жұмыс істейді. Мектептер жанындағы орталықтарда 15 баладан тәрбиеленуде. Жайлаукөл орта мектебінде биылғы оқу жылына работатехника сыныбы жабдықталып, үйірме ашылды.

Мал шаруашылығы бойынша:

Аймақ бойынша қазіргі уақытта 2122 бас МІҚ, 14 432 бас қой-ешкі, 141 бас түйе, 711 бас жылқы, 600 бас  құс өсірілуде. Мал басын бірдейлендіру және ИСЖ базасына енгізу тұрақты жүргізіліп келеді.

Ауылдық округте  7 шаруа қожалық тіркелген. Мал басын асылдандыру бағыты бойынша «Рәш» ШҚ Ақмола облысынан 5 бас асыл тұқымды «Ангуст» бұқаларын субсидия арқылы алып, мал басын көбейтіп отыр. Осы бағытта «Айдар-Нұр» және «Орман-77»  шаруа қожалықтары әрқайсысы 4 бас асыл тұқымды бұқа өсіруде.

Кәсіпкерлік саласы бойынша:

Тұз өңдеумен айналысатын 4 жеке кәсіпкер тіркелген. Шикі заттарын Жаңатас қаласындағы «Асыл тұз» ЖШС-не , сонымен қатар Қырғызстан Республикасына,Түркістан, Жамбыл облыстарына тасымалдайды.

Жол, коммуналдық салалар бойынша:

Досбол–Шығанақ бағытындағы жал ішіндегі 46 шақырым жол сын көтермейді.

Биылғы жылы  Жайлаукөл-Қамқалы елді мекендерінің арасындағы 31 шақырым жол асфалтталып жөнделді. Ауылдық округке Тараз қаласынан аптасына екі рет, жолақысы 500 теңге, Жаңатас қаласынан аптасына екі рет жол ақысы 300 теңгеден жолаушылар автобусы тұрақты қатынап тұр.

Биылғы жылы «Сарысу сулары» мекемесі Жайлаукөл елді мекеніндегі 250 м.кубтық Итеке су жинау қоймасына жөндеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар  Итеке су қоймасы мен Жайлаукөл елді мекенінің арасындағы тозығы жеткен 11 шақырым ауыз су құбыры жаңартылды. Жайлаукөл елді мекенінің кіре берісіне 25 м.куб болатын су жинағыш құрылғысын (башня) қойылды. Ал қалған ауыл ішіндегі ескірген құбырларды ауыстыру жұмыстары келесі жылға жоспарланып отыр.

Шығанақ елді мекеніндегі ауыз су құбырын жаз мезгілінде ауыл ішіндегі 16 үй пайдаланып отырады. Қалған ауыл тұрғындары артезиан суын пайдалануда.

Жер қатынастарын реттеуге байланысты:

Ауыл тұрғындарының жеке меншік жерінің нысаналы мақсатын өзгерту, шаруа қожалығын ашу т.б сұраныстарына байланысты жұмыстар аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен бірлесе отырып жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарына ауданның жер қорынан жер беруге байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезекте жерді мал шаруашылықпен айналысып отырған азаматтарға берудеміз. Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуға байланысты шаруашылық кітабы жүргізілген.

.

Жақсы істер жалғасуда

О.Мұқашов,

Жаңаарық ауылдық округі әкімі

 Қазіргі уақытта халық саны – 1667 адам. 35 сәби дүниеге келді. Табиғи өсім 31 адам болды.

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал басының өсу деңгейі байқалады. Қазіргі уақытта, ауылдық округте 1088 бас МІҚ, 23215 бас қой-ешкі, 789 бас жылқы және 1017 бас құс есепке алынған. Қозы етін экспорттау бағытында «Диас» шаруа қожалығы 500 бас қозыны «Меркі ет комбинатына» өткізді.

Ауылдық округте 46 шаруа қожалығы тіркелген.  Осы шаруа қожалықтарының  23- інде егістік жерлер бар. Оның ішінде, 11-і егістік жерлерін игеріп келеді. Олар, 191,9 га  мақсары, 287,3 га күздік бидай, 528,2 га арпа дақылдары мен 61,69 га жерге жаңадан жоңышқа екті. Барлығы 1069,09 га. Соңғы жылдары егістік жерлерін ауылдан тысқары жерде тұратын азаматтарға жалға беретін шаруа қожалықтары кездесіп отыр. Олар, «Жаңаарық К», «Жастар», «Елдос – 2004», «Ақтоғай» шаруа қожалықтары.

Өткен жылы 157,5 млн. теңгеге  «Ақтоғай» орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Бұл жұмысқа Ақтоғай ауылынан 11 адам қамтылды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының  шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасымен  32 адам (Ақтоғай – 11, Ұ.Сыздықбайұлы – 21) 200 айлық есептік көрсеткішке дейін қайтарымсыз қаржы алды. Бірақ, бұл қайтарымсыз қаржы алғандар толығымен қаржыны игерді деп айта алмаймыз.

Бұдан бөлек, «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» арқылы 10 адам  57,4 млн. теңге алып, оған 784 бас қой, 34 бас жылқы, 12 бас мүйізді ірі қара сатып алды. 5 адам мал бордақылау жұмыстарымен айналысып отыр.

Сондай-ақ, «Саудакент несие серіктестігі» арқылы «Жандос» шаруа қожалығы (Домбаев Б.) 3,0 млн. теңге несие алып, 7 бас аналық жылқы сатып алды. Осы серіктестікке 2 шаруа қожалығы («Белең» ШҚ, «Керімбай» ШҚ) жаңадан «МТЗ» тракторларын алуға сұраныс жасап қойды.

Инфрақұрылымды дамыту бойынша: 12,4 млн. теңгеге 2 саябақ, 8,0 млн. теңгеге Талдыбұлақ өзеніне жаяу жүргіншілерге арналған көпір, 6,4 млн. теңгеге Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы бейітке баратын жол жасалынып, 8,3 млн. теңгеге Ақтоғай ауылында кіші футбол алаңы салынды. Сонымен қатар, 1,4 млн. теңгеге Ақтоғай ауылындағы 3 көшеге және 13,4 млн. теңгеге үлкен жол бойына диодты жарықшамдар орнатылды. «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының жөндеу жұмыстарына 5,7 млн. теңге жұмсалынды.

Ауыл тұрғындары тарапынан бұрыннан бері айтылып келе жатқан мәселесі ұялы байланыс жүйесі болатын. Бұл мәселе шешімін тауып, қазіргі уақытта, ауылдарда «Актив» пен «Билайн» ұялы байланыс жүйесі, интернетпен толық қамтылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ауыл халқы қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білді. 214 аула (Ақтоғай – 117 аула;  100 % Ұ.Сыздықбайұлы – 97 аула;  67% ) үй іргесіндегі жерлерді тиімді игере білді.  Ауыл халқы өндірген өнімдерін Жаңатас қаласында өтетін жәрмеңкеге шығарып, сатып отырды.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек бойынша 11 отбасындағы 75 адамға 3107,1 мың теңге төленіп,  отбасындағы балаларға әлеуметтік пакеттер таратылып берілді.

 

Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

Т.Абдраев,

Жаңаталап ауылдық округі  әкімі 

2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны — 1898 адам. Ұйым ауылында 1075 болса, Жаңаталап ауылында 823 адамды құрайды.

Ауылдық округте жыл санап халық саны өсіп келуде.2019 жылы 10 адам қайтыс болып, 31 бала дүниеге келген. 2020 жылы 14 адам қайтыс болып, 25 бала дүниеге келді. Ауылдық округке қарасты елді мекенде 2 ФАП ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Жаңаталап ауылдық округіне қарасты 3 білім мекемесі қызмет көрсетуде. Олар 1  колледж және 2 орта мектебі.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарына 2 клуб үйі, 2 кітапхана, 1 ветеринариялық пункт, 1 учаскелік пункт, 1 қазпошта, 1 монша, 6 азық-түлік дүкені қызмет көрсетеді.

Ауылдық округте салық түсімдері 1236,0 мың теңге болып жоспарланған.  Жоспар 4710,0  мың теңгеге орындалып 381 % артты. Яғни 3474,0 мың теңге артық түсім түсірілді.

11 отбасының 73 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек  төленді. 11 отбасына — 6278,0 мың теңге тағайындалған. Бүгінгі күнге 6 отбасының 34 мүшесіне 248,6 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

2020 жылы ауылдық округте 19 адам «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 555,6  мың теңге қайтарымсыз мемлекеттік грантына қол жеткізіп, өз кәсіптерін ашуда. Олар (мал басын өсіру, тігін шеберханасын ашу, құс өсіру т.б)шараларды жүргізуде. Бағдарламаның орындалуы үнемі қадағалануға алынған.

Үсітіміздегі жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 кәсіпкер 11,4 мың теңге несие алып, 20 бас МІҚ, 125 бас уақ малын алып шаруашылығын дамытуда.

Сонымен қатар 4 шаруашылық мемлекеттік бағдарламалар арқылы күн батареясын орнатты және 5 жылжымалы үйшік (вагон) алды.

2020 жылы диқандар 1311 гектар аумаққа дәнді дақылдар орналастырды.  Барлық бағытта өсім бар. Ауыл шаруашылығы малдарына сырға салынып қозғалысы статистикалық есепке алынған, тұрақты қадағаланып отырады. Ауылдық округте 8460,0 тонна мал азығы жинақталған.

Жаңаталап ауылдық округі бойынша Жаңаталап ауылында ауыл жастарының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары демеушілік жасап, «Жаңаталап» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ұйым ауылының тұрғындары және ауыл жастарының қолдауымен демеушілік жасалып, жалғыз басты қарт кісіге үй салып беру үшін «Асар» тәсілімен 3 бөлмелі тұрғын үй салынды.

Есептік мерзімде біршама жұмыстар атқарылды:

  1. «Сарыөзек» және «Жаңа кәрітоған» каналына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2.Ж.Садуақасов, Ғ.Мұратбаев көшесіне және Ұйым ауылына кіре беріс көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  1. Дәрі сақтау қоймасының орнын тазалау жұмыстары жүргізілді.
  2. Жаңаталап орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеу.

5.Саудакент-Тараз бағыты жол бойынша қоршау орнату жұмысы  жүргізілді.

  1. Жаңаталап ауылына 50 электр бағаналары мен LED- шамдары орнатылды.
  2. Жаңаталап ауылы, Д.Сейтбаев көшесі мен Ұйым ауылының көше шамдары LED-шамдарға ауыстырылды.
  3. Жаңаталап ауылына кіре беріс аркасына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  4. Жаңаталап орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  5. Жаңаталап және Ұйым ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.