Еліне қамқор-Елбасы

0

Желтоқсан айының алғашқы жұлдызы – еліміздің тарихындағы айтулы күн. 1991 жылдың дәл осы күні қазақ елі өзінің тұңғыш президенті етіп Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевты сайлаған болатын. Сөз жоқ, бұл Қазақстанның жарқын болашаққа жасаған ең алғашқы нық әрі дұрыс қадамының бірі еді. Халқымыздың тәуелсіздік алып, бүгінгі дәрежеге жетуі – анық Елбасының ерен еңбегінің нәтижесі. Сарабдал саясатымен көпшілікті тәнті еткен Нұрсұлтан Әбішұлы шындығында дана көшбасшы. Соның нәтижесінде 2011 жылғы 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» мерекесі болып заңды түрде бекітілген болатын.

Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Н.Назарбаев әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.

1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы мамыр айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.

1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия — комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 — хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК — нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды.

 

Қазақстанның қайта құрылуы

Елбасының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР- і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.

1991 жылдың 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.

1997 ж. 20 қазанда Н.Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. 1990 жылғы 24 сәуірден бас-тап, 2019 жылдың 20 наурызы аралығында Қазақстан президенті болды. 2019 жылдың 19 наурызынан бастап Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан кете отырып, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесі басшысы лауазымын және «Nur Otan» жетекші партиясының төрағасы лауазымдарын, сондай-ақ Қазақстанның Конституциялық кеңесі мүшесі ретінде өз орнын сақтап қалды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы  жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған Президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.

Мәліметтерді әзірлеген: Г.Байбосынова,  

«SARYSÝ»

Leave A Reply

Your email address will not be published.