ЕЛ ДАМУЫ ІШІН МАҢЫЗДЫ

0

 

Жайылма ауылдық кітапханасының  ұйымдастыруымен санитарлық талаптарды сақтай отырып «Ел дамуы үшін маңызды Жолдау» атты сұхбат алаңы өтті.

Іс-шара барысында  кітапхана меңгерушісі Құралай Ұзапова  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауына жан-жақты тоқталып өтті. Одан кейін Жайылма ауылдық округ әкімі аппаратының  бас маманы А.Мұқашев, Мемлекет басшысының Жолдауында  халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тың өзгерістерді алға тартып, технологиялық экономика құрудың өткір қажеттігін әділ атап өткенін, айтылған реформалар мен бастамалар туралы ой бөлісті.

Әйтеке би атындағы орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Т.Ералиева, білім саласы бойынша биылғы Жолдауда жаңа оқу жылының ерекшеліктері, педагогтардың жалақысы, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту, үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету, білім сапасын көтеру, еңбек нарығына қажетті мамандықтарды даярлау мәселелер көтерілгенін, бүгінде ауданда барлық бағыттар бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді.

Жолдауға-қолдау

Елімізде карантин енгізілуіне орай, сақтық шараларын қолдана отырып, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен  Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауын насихаттау жұмыстары жүргізілді. Жиынға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының эксперті А.Тоқтарбеков, аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры А.Шілманбетов,  Талас ауданаралық Әділет басқармасының маманы Г.Айнекова, аудандық соттың жетекші маманы Ф.Әметова, сот орындаушысы Г.Байзақова, адвокат Г.Жүсіпалиева, «Жастар ресурстық орталығының» аға инспектор психологы  Ж.Қыстаубаева, аудандық орталық ауруханасы  Денсаулық орталығының қызметкері Ж.Абдикеева, «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының» заңгері Ж.Лекер қатысты.

Жиын барысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Халыққа Жолдауының маңызды басым бағыттары аталып өтті.

«Сарысу-Ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.