«СПОРТ – БЕЙБІТШІЛІК ЕЛШІСІ» ДЕГЕНДЕЙ, ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ, ОЛ — ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ, РУХЫ КҮШТІ ҰРПАҚ.

0

Спорт саласының дамуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып келеді.

Біздің ауданда да бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы нығаюда.

Осыған байланысты Жайылма ауылында  футбол алаңы ашылды. Футбол алаңының ашылуына аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов, ауыл ардагерлері мен тұрғындары қатысты.

Сондай-ақ, ауданның Құрметті азаматы, жазушы Пернебай Дүйсенбин мен еңбек ардагері Мейраш Қожахметова құттықтау сөз сөйлеп,  қолдау көрсетіп жатқан аудан басшыларына  алғыстарын жеткізді.

Айта кететін жайт,  жаңа алаңша Жа-йылма ауылы, Тынышбай Рахым көшесінің бойында  орналасқан заманауи қондырғылармен жабдықталған, құны – 8 млн. 334 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар,  салтанатты ашылу лентаны аудандық мәслихат депутаты Болатбек Дондаұлы мен ауданның Құрметті азаматы Пернебай Дүйсенбин қиды. Заман талабына сай бұл сеткалы футбол алаңшасы ауыл балаларының спортпен айналысуына кең мүмкіндік беріп, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға септігін тигізері сөзсіз.

Жаңадан ашылған алаңшада Жайылма ауылдық округ әкімі аппаратының қолдауымен, бұқаралық спорттық  іс- шаралар орталығының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында кіші футболдан жарыс өтті.

Жарысқа ауылдық округ бойынша 9 команда  қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыс нәтижесінде Б.Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінің командасы 1-орынды жеңіп алды. ауыл жастарының командасы 2-орынды иеленді. Жайылма ауылдық округ әкімі аппаратының командасы 3-орынды және Ысқақ Пірәдар мешітінің командасы 4- орынды қанағат тұтты.     Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бұқаралық спорттық іс-шаралар орталығының кубок, диплом, медальдарымен марапатталды. Одан кейін 1983 жылғы  және  1992 жылғы  туылған  ауыл азаматтарының демеушілігімен ақшалай сыйлықтар берілді. Осы күні Жаңаарық ауылдық округінде де қарасты Ақтоғай ауылында футбол алаңшасы ашылды.

Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов құттықтау сөз сөйлеп, ауылдықтар қуанышымен бөлісті. Жаңа  футбол алаңының  ашылу лентасын  аудан әкімі Б.Жақсылықов пен  Ақтоғай ауылдық  ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Аппазов қиды.

Ашылу салтанатынан соң кіші футболдан жарыс өтті. Жарысқа  6 команда қатысты. Жеңіске жеткен командаларға Жаңаарық ауылдық округ әкімі аппаратының және аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің   диплом, медальдары және бағалы сыйлықтары тапсырылды.

С.Есқараев, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.