ТЕХНИКА ЖЕТКІЛІКТІ, жұмысқа кедергі жоқ

0

«ЕвроХим» тыңайтқыштардың автомобиль көлігі бөлімін жабдықтары мен функционалдылығы және әртүрлілігі жағынан ең әмбебап бөлім деуге болады. Бөлім қызметкерлері кәсіпорын құрылысының бастауында тұрған, енді олар шахтадағы жабдықтардың үздіксіз жұмысын және өндірістік алаңға персоналдың жеткізілуін қамтамасыз етуде.

Бөлім өндіріске қажетті бүкіл тасымал жұмыстарымен айналысады. Бірінші кезекте бұл магистральдық технологиялық жүктер- фосфорит кені, цехтар арасындағы технологиялық жарақтар, қосалқы бөлшектер, сондай-ақ отын мен басқа да материалдарды жеткізу. Бөлімнің автобус бөлігі қаладан жұмыс орындарына: Аралтөбе карьері, кен қоймалары, әкімшілік-тұрмыстық кешеніне қызметкерлерді тасымалдаумен айналысады. Бөлімнің тағы бір маңызды міндеті – жөндеу, құрылыс және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жабдыққа (автокрандар, шанышқы және шөміш тиегі

штер) қызмет көрсету және қамтамасыз ету.

Бөлімнің автотұрағында көптеген түрлі жабдықтар бар. жол талғамайтын көліктерден бастап, микроавтобустар және ауысымдық жүк машиналарынан бастап күрделі өндіріс машиналарына- «Iveco» өзі аударғыштары мен «Komatsu» және «Manity» тиегіштеріне дейін. Көліктің тағы бір өте маңызды түрі- дизельді тасымалдауға арналған отын цистерналары және мазутты жеткізу. Майлау материалдарын және жанармайды үнемі қажет ететін мұндай машиналардың тұрақты жұмыс үшін қажет. Жылыту майы өндірісте дайын өнім – фосфат жынысын кептіру үшін және жергілікті қазандықтың жұмысы үшін өте қажетті.

«ЕвроХим» негізгі тұжырымдамаларының бірі – барлық жұмыс салаларының, әсіресе өндірістік және тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігі. Ол үшін компанияға ойластырылған жұмыс ұйымы, қуатты жабдықтар мен білікті және сенімді кадрлар қажет. Сапасы болмаған техникалар автомобиль бөлімінде жұмыс істей алмайды. Мұнда шыңдалған, тәжірибелі, жауапты, батыл кенші жігіттер жұмыс істейді. олар күнделікті карьерден фосфат шикізаты және адамдарды тасумен жауапкершілікпен айналысуда. Өндіріс қарқыны артып келеді, өндірістің көліктік бөлігіне жүктеме артып келеді, бірақ жүргізушілердің білікті кадр-лары болғандықтан, олар кез-келген тапсырманы орындай алатындығына күмән жоқ.

«ЕвроХим-Тыңайтқыш» автомобиль көлігі бөлімінің басшысы Ермек Карибаев: -Бөлім қызметкерлерінің барлығы маңызды және ұйымдастырылған технологиялық өндірісте екендігін түсінеді, мұнда кез-келген бұзушылыққа жол берілмейді. Мақсатымыз бір- өндірістің

ең жоғарғы деңгейіне жету,-деді.

Г.Тұрсынбекқызы,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.