СӘТТІ ҚОЙЫЛЫМ

0

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен, үстіміздегі жылдың 18-ші қыркүйегінде басталған қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған халық театрлары арасындағы «Театр — өмір айнасы» атты фестиваль 28-ші қыркүйекте Сарысу ауданында жалғасты. Бұл фестивальдың мақсаты ақынның мұраларын халқымызға насихаттау болғандықтан, ауданымыздағы «Сарысу» және «Саудакент» халық театрлары Абайдың поэмасы желісімен жерлесіміз, «Дарабоз» сыйлығының лауреаты  Пернебай Дүйсенбиннің инсценировкалауымен «Ескендір» спектаклін қойды.

Спектакльдің  режиссері Рабиға Бердісүгірова. Тарихта болған оқиға негізінде  жазылған бұл поэмада  Абай атамыз, адам баласының ашкөздік, дүниеге тойымсыздық, қолындағы билікке дандайсып, халықты басып — жаншу сияқты жаман қасиеттерін сынайды.

Бірақ бұл қасиеттер — бүгінгі күні де өзекті мәселенің бірі болып тұр. Осы тұрғыдан көрерменге — «Адамдық қалпымызды сақтайық, дүние бос жиғанша» -деген ойларын жеткізуге тырысты.

Қойылымға қатысып Александр Македонский рөлін ойнаған — Әлімжан Қабылов, Абай — Балтабек Баулыбеков, Хамит Құдайбергенов, Аристотельді ойнаған — Талғат Құсайынов, Парменион — Ғалымжан Тезекбаев, Дионис — Берік Серікбаев, музыкамен көркемдеген, әрі режиссердің көмекшісі — Нұрбол Серкебаев, гример — Бейбіт Талпақова, сарбаздар — Ділдабек Дүйсенбаев, Тимур Аққояшев, Әмірғали Бақытов, Нұрсұлтан Көрғұлы, тігінші- Түймекүл Мейрбекова, бүкіл реквизит, декорацияларды, костюмдерді өз қолымен жасаған суретші — Мақсат Омаров, жарық беруші — Таңат Бекбергенов, видео көріністерді көркемдеген — Нұрбол Жүргімбеков, оператор — Марат Күмісбайұлы, спектакльдің сәтті шығуына бар көмектерін берген — бұрынғы басшы Жұмакүл Сманқұлова, қазіргі мәдениет үйінің директоры — Роза Өтембаева, методист — Гүлсара Қояналиева, мәдениет қызметкері  Сандуғаш  Құттыбаева спектальдің шынайы және көркем шығуына аянбай еңбек етті.

Осынша адам бір кісідей жұмыла еңбек еткен бұл спектакльге облыстан келген қазылар алқасы Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі, «Формат Е» мәдени-даму оқу әдістемелік орталығының директоры Ерлан Әуесбаев пен облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Нұралы Абдуллаев жоғары бағаларын беріп, сын — ескертпелерін айтып, театр ұжымына облыстық фестивальға белсене ат салысқандары үшін Алғыс хатты тапсырды.

Мәдениет үйінің директоры — Роза Өтембаева «Сарысу» халық театрының бұған дейін Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» қойылымын, Алтын Орданың 750 жылдығына орай «Алтын Орда»- онлайн көрінісін, «Әл — Фараби» — көріністерін қойғанын, алдағы уақытта  Қаратау қаласына іс -сапарға бару үшін дайындалып жатқан «Ауылым- алтын бесігім» іс — шарасында өнер көрсететіндерін айтты. Әр қойылыммен көрерменге айтары бар «Сарысу» — халық театрынан алдағы уақытта сәтті еңбектер күтеміз.

Камели Сүлейменова,

«Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.