АУЫЛ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

0

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы» Заңына сәйкес кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жаңаталап ауылдық округі әкімінің өкілеттілігі аяқталуына байланысты кезекті ауыл әкімін сайлауы өтті.

Бекітілген тәртіпке сәйкес, таңғы сағат 08.30-де дауыс беру пунктінде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулетберді Шортанбаев сайлау комиссия мүшелеріне және сенімді өкілдерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне дауыс беруге дайындық барысын таныстырып өтті. Сонымен қатар, дауыс беру тәртібі туралы да айтылды.

Еліміздің Мемлекеттік әнұраны орындалған соң таңдаушылар өз таңдауларын жасады.

Айта кетейік аудан әкімі ауыл әкімінің сайлауына үш кандидаттың кандидатурасын ұсынған еді. Темірлан Абдраев, Балғабай Сағындықов, Асанбай Сейналиев.

Кандидаттардың арасында ең көп дауыс жинаған Темірлан Абдраев Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Дәмеш Мұқанқызы, «Сарысу

Leave A Reply

Your email address will not be published.