ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ БЕТБҰРЫС

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты   дәстүрлі Жолдауын жариялады.     Биылғы Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды. Еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.

Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің ішінде ғылым-білім саласын дамытудың маңызы бөлек. Мемлекет басшысының “педагогтардың жағдайы жақсартылмаса салада оң өзгерістер бола қоймайды” деген пікіріне толық қосыламын. Заман қарыштап дамып, озық технологиялар қолданысқа енгізіле бастаса да оқушының сапалы білім алуы үшін мұғалімдердің маңызы ерекше. «Мектептің жаны-мұғалім» деп тегін айтылмаса керек. Бұл тұрғыда, оқушыларымыздың озат болуына, жаһандану заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге жауапты білім саласы қызметкерлерін қолдауға қатысты шаралардың үздіксіз жүргізіле беруі тиістігін құптаймын.

Қазіргі  таңда жаңа бағдарламаға сәйкес  жүргізіп жатқан  жұмыстар  барысында ұстаздар  заманауи  көзқараста  білімдерін асырып, уақыт талабына сай  шәкірттер тәрбиелеу үрдісін игеріп келеді. Ел игілігі  үшін атқарылып жатқан игі шараларға қолдау көрсету –азаматтық парыз.

Б.Тәжібаев, Шағалалы негізгі мектебінің директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.