КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Апта ішінде аудан  әкімдігінің мәжіліс  залында  аудан әкімінің орынбасары Л.Нұрмаханованың төрағалығымен   әлеуметтік әріптестікпен  әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Комиссия отырысына Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, бас мемлекеттік  еңбек инспекторы Қайрат Досаев, мекеме, кәсіпорын басшылары, комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, бас мемлекеттік  еңбек инспекторы  Қайрат Досаев хабарлама жасады.

-Әлеуметтік-еңбек  қатынастары  реттеу  бағытында  атқарылып  жатқан  жұмыстарға келер болсақ  ұжымдық шарттар қабылдау, меморандумдарға қол қою  және әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру  бойынша  жұмыстар атқарылуда. Ауданның көрсеткіштері  жалпы жаман емес. Дегенмен электронды жүйеге енгізілуі  тиіс еңбек шарттары 64,3 пайызды құрайды. Бұл бағытта жандандыру қажет. Бүгінде  қоғамда өзекті  мәселелердің бірі бейресми  жұмыспен қамтылған тұлғалар. Қазіргі таңда көптеген жерлестеріміз  «сұр схема»  бойынша еңбек қатынастарын  заңдастырмай, ауызша келісім бойынша  жұмыс жасап, еңбекақыларын қолма-қол, «конвертте» алуды  әдетке айналдырып, өзінің әлеуметтік тұрғыда көптеген қолдаулар мен қорғаулардан айрылып отырғандығына мән бермеуде.

Мәселен еңбек қатынастары зандастырылмаған тұлға біріншіден, жұмыс  беруші  тарапынан міндетті әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қорына қаражат түспеуі салдарынан жұмыскердің сырқаттанып қалуы, декреттік демалыстарға шығуы  және тағы басқа «сақтандыру жағдайлары» орын алған кездерде  төленетін әлеуметтік төлемдерден қағылады. Екіншіден  жұмыс беруші тарапынан  аударылатын  міндетті медициналық  сақтандыру аударымдары түспеуі  салдарынан  тегін медициналық  көмек  алу  мүмкіндігінен айырылады.  Үшіншіден  жұмыс беруші тарапынан  аударылатын бірыңғай  жинақтаушы зейнетақы қорына қаражаттың түспеуі салдарынан  жұмыскердің еңбек өтілі жүрмейді.  Сонымен қатар, зейнеткерлік  жасына жеткен  кезде лайықты өмір сүруіне жинаған қорының  жеткіліксіздігі  ең төменгі зейнетақы  алуға әкеліп соғады.

Осыған байланысты, бұл мәселеге де зор мән беріп, жұмыс берушімен  тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн,-деді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Үсембаев хабарлама жасап,  аудандағы еңбек нарығының жай-күйі, жұмыссыздарды еңбекпен қамту, мақсатты топқа жатқызылған азаматтардың мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілуі туралы,  аудан бойынша әлеуметтік әріптестік жүйесінің дамуы, оның ішінде жұмыстан босаған қызметкерлермен атқарылып жатқан жұмыстар, оқыту, қайта даярлау, еңбек дауларын алдын-алу, аудандық келісім міндеттерін орындау туралы  жан- жақты тоқталып өтті.

С.Рысбекұлы, «Сарысу»

Leave A Reply

Your email address will not be published.