МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына  арнаған  «Жаңа  жағдайдағы  Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты  Қазақстан  халқына  жолдауын  ауылдық округ  әкімі аппаратында  мамандармен бірге  талқыланды. Жолдаудың  өн  бойында  елімізде  атқарылып жатқан оң өзгерістер  айтылып,  алда  атқарылатын   жұмыстарға  жан — жақты тоқталды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы ел тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын айтарлықтай арттыру және табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға арналған аса маңызды құжат болып табылады. Елбасымыз мемлекетіміздің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы адам дамуының өсуі — ел тұрғындарының әлеуметтік ахуалы жақсаруына қатысты айтқан ақпараттары бәрімізді  қатты қуантты. Әрине, жалақы деңгейінің өсімі. Мемлекет басшысы екі қолға жұмыс таба алмай жүргендерге басты назар  аударуды  ұсынды. Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы.  2021 жылдың қаңтар айынан бас-тап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдады. Әсіресе, мүгедектер,  жәрдемақыға  өмір сүріп келе жатқан және өзге де жандарға жұмыс беру қажеттігіне тоқталды.  Жолдау-да халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, барлық азаматтарды өздерінің кәсібіне, мамандығына, біліміне сай лайықты жұмыспен қамтамасыз  ету басым  бағыттар ретінде белгіленді. Биылғы жылы Мемлекеттік аппарат және квази-мемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетіледі.  Биыл олардың санын 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға  қысқаратынын атап өтті. 

Сонымен  қатар   Президент  Жолдауында  қоғамда  қызу талқыланып  жүрген ең өзекті  Ауылдың әлеуетін толық пайдалану – стратегиялық маңызы бар мәселе. Ауылдағы мейлінше өзекті мәселелерді шешуге арналған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады.

М.Өксікбаев, Байқадам ауылдық округ  әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.